Тарих төріндегі Тараз!

Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институты «Экология және ТӘҚ» кафедрасы 2023 ж. 8 желтоқсанда жастарға тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында «Тарих төріндегі Тараз!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын жүргізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қызметкерлерін шақырды. Музей қызметкерлері жылжымалы көрме ұйымдастырып, Тараз қаласының даму тарихы, мәдениеті, ескерткіштері жайлы әңгіме баяндап, қорық-мұражай қорынан әкелген ерекше  тарихи жәдігерлер мен ежелгі қыш ыдыстары және презентация көрсетілді.

Іс-шараға атсалысқаны үшін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!

Ұйымдастырушылар: Әлімхан Г.Ә., Джанаева Ж.М., Жигитова С.З.

2

5

3

4

Top