«ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ДІН»
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті колледжінде дін саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«ДІН – ТӘРБИЕ ДІҢГЕГІ»
2024 жылы 21 қарашада Әлеуметтік жұмыс басқармасы және «Практикалық шетел тілдері» кафедрасы өзара бірлесіп, қоғамдағы деструктивты діни ағымдарға қарсы студент жастардың дәстүрлі діни сауаттылығын арттыруына байланысты «Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ РАДИКАЛДЫҚ ДІНИ ИДЕОЛОГИЯДАН ҚОРҒАУ
20.11.2024ж. күні Әлеуметтік жұмыс басқармасы және «Әлем тілдері» кафедрасы бірлесе отырып, студенттердің діни сауаттылығын арттыру және радикалдық діни идеологиялық ықпалынан сақтау мақсатында тәрбие сағаты өтілді.
ТОП КУРАТОРЛАРҒА ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
2024 жылы 21 қазанда «Кураторлық мектебі» жобасы аясында Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Б.Қ.Алпысбаев университет кураторларымен онлайн ZOOM бағдарламасы арқылы дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«СӘН ДИЗАЙНЫ»,«ЖАРНАМА ДИЗАЙНЫ» ЖӘНЕ «ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ДІН САЛАСЫНДА ӨТІЛГЕН ІС-ШАРАСЫ
2024 жылы 17 қазан күні Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Б.Қ.Алпысбаевтың қатысуымен «Дизайн» мамандығының 2 курс студенттеріне «Ұлттық бірегейлікті қалыптастыру арқылы діни экстремизмге қарсы тұру» тақырыбында семинар сабағы өтікізілді.
«ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
2024 жылы 17 – қазан күні «Технологиялық» факультетінің 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты кездесу өткізілді.
ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ –ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
2024 жылы 14 – қазанда «Технологиялық» факультетіне қарасты 6В06211 «Көп арналы талшықты-оптикалық желілер мен жүйелер» мамандығының 2-курс студенттеріне дін саласына байланысты кездесу өткізілді.
№3 СТУДЕНТТІК ҮЙІНДЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ӨТІЛГЕН ІС-ШАРА
2024 жылдың 02-қазанда Әлеуметтік жұмыс басқармасының психологы Ш.Б.Бүйембаева және дінтану бойынша бас маманы Б.Қ.Алпысбаев №3 жатақхана студенттеріне қоғамдағы жастардың тәрбиесіне кері әсерін тигізетін ойынқұмарлық және діни экстремизм көріністерін алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
2024 жылының 24 - қыркүйекте Әлеуметтік жұмыс басқармасының психологы С.Н.Момынова және дінтану бойынша бас маманы Б.Қ.Алпысбаев «Экономика және құқық» факультетінің 1-курс студенттеріне рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту, ойын құмаралықтың зияндылығы (лудомания) және діни экстремизм көріністерін алдын-алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ»
03.09.2024ж. Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Б.Қ.Алпысбаевтың «ABAI.KZ» Республикалық интернет-порталында «Қазақ ойшылдардың еңбектеріндегі рухани тәрбие негіздері» тақырыбында танымдық мақала жарияланды.
№1 Студенттер үйінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша өтілген іс-шара
06.09.2024ж. күні Дулати университетінің №1 Студенттер үйінде дін саласына байланысты студенттеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Діни фанатизм – қоғамға төнген идеологиялық қауіп!
Әлеуметтік жұмыс басқармасының Дінтану бойынша бас маманы Бахтияр Алпысбаевтың ABAI.KZ ақпараттық порталына жарияланған мақаласы «Діни фанатизм – қоғамға төнген идеологиялық қауіп!» деп аталады.Толығырақ сілтемеден оқи аласыз.
«ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ - ЗАМАН ТАЛАБЫ»
2024 жылы 11-сәуірде «Жаратылыстану ғылымдары» факультетіне қарасты «Химия» мамандығының 3-курс студенттеріне қоғамдағы діни экстремизмнің алдын-алу бағытында кездесу өтілді. Аталған кездесуге Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Бахтияр Алпысбаев қатысып, студент жастарға діни саладағы өзекті мәселелерді таныстырып өтті.
«ПАТША ҮКІМЕТІ КЕЗІҢДЕГІ ҚАЗАҚТЫҢ МҰСЫЛМАНДЫҚ БОЛМЫСЫ»
2024 жылы 17-қаңтарда «AR-AI» Облыстық танымдық жастар газетінде Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Бахтияр Алпысбаевтың «Патша үкіметі кезіндегі қазақтың мұсылмандық болмысы» тақырыбында мақаласы жарияланды.
Бахтияр Алпысбаевтың облыстық «AQ JOL» газетіне берген ой пікірі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында "...Ислам дінінің Ұлы дала төрінде таралып, тамыр жаюына орасан зор үлес қосқан, түркі әлеміндегі сопылық ілімнің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи мұраларын терең зерделеп, дәріптеуге де айрықша назар аударған жөн..." деп атап өткен болатын. Осы мәселеге байланысты Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Б.Алпысбаевтың облыстық "AQ JOL" газетіне берген ой пікірі:
№2 СТУДЕНТТІК ҮЙІНДЕ ӨТІЛГЕН ІС-ШАРА
2024 жылы 05-сәуірде Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Бахтияр Алпысбаев және Жастармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері бірлесе отырып, №2 Студенттік үйінде ұлттық тәрбие құндылықтары және діни экстремизмнің алдын-алуына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жатақхана студенттеріне ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының бағыт-бағдарымен таныстырып, қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақ болуға шақырды.
«ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»
2024 жылы 31-қантарда Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Б.Алпысбаев "Педагогика және әлеуметтік ғылымдар" факультетіне қарасты "Психология" мамандығының 1-курс студенттеріне дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты - студент жастарға қоғамдағы деструктивті діни идеологияның қауіп қатерін түсіндіру, интернет желісінде экстремизмдік идеясы бар діни мазмұндағы ақпараттарды таратуға болмайтындығы, шетелдік діни уағызшылардың үгіт-насихатынан сақ болу және дін саласын реттейтін заңдық нормаларды танып білу болып табылады. Студенттерге бейнеролик көрсетіліп және өздерінің мазалаған сұрақтарына жауаптарын алды.
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2023 жылы 08-желтоқсанда «Химия және жимиялық технология» кафедрасының кураторы Кулбаева Дилбар Альманқызының ұйымдастыруымен «Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері» тақырыбында "6В07115 -ХИП", "6В05314-Химия" мамандығының 1-курс студенттеріне ашық кураторлық сағаты өтілді. Аталған кездесуге Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Б.Қ.Алпысбаев шақырылып, студенттерге ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының бағыттары, интернет желісінде күмәнді діни парақшаларға тіркелмеу, экстремизмдік идеясы бар діни уағыздарды тыңдамау туралы ақпараттар жеткізілді. Сонымен қатар, жастардың діни танымы әрқашанда қазақ тарихымен, қазақ әдебиетімен, қазақ ұлы ойшылдардың діни мұраларымен сабақтасу қажет екендігі айтылды. Қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, еркін форматта пікір алмасылды.
Подробнее ...
«ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Әлеуметтік жұмыс басқармасы студенттердің бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту және діни экстремизм көріністерін алдын-алу мақсатында институт және факультеттермен бірлесе отырып, дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Осыған орай, 2023 жылының 03-қарашада «Технологиялық» факультетінің 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесуге дінтанушы-магистр Б. Алпысбаев студент жастарға қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары, Орта Азияға кеңінен таралған Ханафи-Матуриди мазхабының маңыздылығы және жастардың бойында діни сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды. Көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды дінтанулық, ғылыми түрде жауаптар берілді.
«СУ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТАБИҒАТҚА ҮЙЛЕСТІРУ» ИНСТИТУТЫНЫҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Әлеуметтік жұмыс басқармасы студенттердің бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту және діни экстремизм көріністерін алдын-алу мақсатында институт және факультеттермен бірлесе отырып, дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Осыған орай, 2023 жылының 23-қазанда «Су шаруашылық және табиғатқа үйлестіру» факультетінің 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесуге дінтанушы-магистр Б. Алпысбаев студент жастарға қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары, Орта Азияға кеңінен таралған Ханафи-Матуриди мазхабының маңыздылығы және жастардың бойында діни сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды. Көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды дінтанулық, ғылыми түрде жауаптар берілді.
ИНСТИТУТ ЖӘНЕ ФАКУЛЬТЕТТЕРДІҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Әлеуметтік жұмыс басқармасы студенттердің бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту және діни экстремизм көріністерін алдын-алу мақсатында институт және факультеттермен бірлесе отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Осыған орай, 2023 жылының 13-қазанда «Экономика және құқық» факультетінің 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сағат 12.00-де «Құқытану» мамандығы және сағат 15.00-де «Экономика» мамандығы бойынша екі іс-шара ұйымдастырылды. Аталған кездесуге дінтанушы-магистр Б. Алпысбаев студент жастарға қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары, Орта Азияға кеңінен таралған Ханафи-Матуриди мазхабының маңыздылығы және жастардың бойында діни сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды. Көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды дінтанулық, ғылыми түрде жауаптар берілді.
«ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ - ЗАМАН ТАЛАБЫ»
2023 жылы 28-қыркүйек күні «Ұстаз» институтына қарасты «Физика» мамандығының Ф-21-3 тобының кураторы Мадалиева Эльмираның ұйымдастыруымен діни экстремизмнің алдын-алу бағытында кездесу өтілді. Аталған кездесуге Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Алпысбаев қатысып, студент жастарға қоғамдағы діни жағдаймен таныстырып өтті. Сонымен қатар, жастардың радикалдық діни идеологияның ықпалына түспес үшін, дін мен дәстүрдің арасындағы сабақтастығы және дәстүрлі танымда қалыптасқан діни сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды.
ИНСТИТУТ ЖӘНЕ ФАКУЛЬТЕТТЕРДІҢ 1-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Дулати университетінің тәрбие жұмыс жоспарында рухани-адамгершілікті дамыту бағыты қамтылған. Осы бағытқа байланысты жүйелі түрде іс шаралар жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, 2023-2024 оқу жылының 08-қыркүйекте "Ақпараттық технологиялар" факультетінің 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесуге дінтанушы-магистр Б. Алпысбаев студент жастарға қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары, Орта Азияға кеңінен таралған Ханафи-Матуриди мазхабының маңыздылығы және жастардың бойында діни сауаттылықтың жоғары болу қажеттілігі айтылды. Көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды дінтанулық, ғылыми түрде жауаптар берілді.
«ЖАСТАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»
2023 жылдың 26 - сәуір күні «Су шаруашылық және табиғатқа үйлестіру» институтының 1-курс студенттеріне рухани-адамгершілік және ұлттық тәрбиеге байланысты кураторлық сағаты өтілді. Тәрбие сағатында тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Қ. Алпысбаев қатысып, студенттерге ұлттық құндылықтарды сақтау және қоғамдағы діни радикализмнің қауіпі мен алдын-алу жолдарын айтып өтті. Б.Алпысбаев өз баяндамасында қоғамдағы радикалдық діни идеология қазақ мұсылмандық мәдениетін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттердің бірі болып табылады. Дін мен дәстүрдің арасын айырып, бір-біріне қарсы қоюға бағытталған әрекеттер ұлт болмысын екіге жарудың амалы ретінде қауіпті. Сол үшін дін мен дәстүр бірлігі – ұлт болашағының кепілі болуы қажет.