Super User
Наурыз берекем, Наурыз мерекем!
16 наурыз М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік «Дизайн және сән индустриясы» кафедра оқытушылар құрамы мен студенттерінің ұйымдастыруымен кафедра фойесінде «Наурыз берекем, Наурыз мерекем!» атты іс-шарасы өтті.
«Әз-Наурыз» мерекесіне кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты. Наурыз тойын Уалиев Болыс Матмұсаұлы бата беріп ашты. Жыл басы Наурыздың келуімен құттықтады.
Наурыз тойын тойлауға барлық студенттер түгел жиналып, мол дастархан әзірлеп, үлкен дайындықпен келген. Ең басты тағам Наурыз көже мен ұлттық сусын шұбат, қымыран барша келген қонақтарға таратылды. Қазақтың ұлттық мейрамы Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурызға студенттер ерекше дайындықпен әсемденіп, өз елінің ұлттық киімі мен ұлттық ас мәзірін арнайы дайындап әкелген. Сонымен қатар, алаңда мереке қонақтарына арнайы дайындалған қолөнер шеберлерінің дүниелері, кәде-сый заттарынан көрме қатары да болды.
Қоғамдық қабылдау күні өтті
30.03.2023ж. 10.00-12.00 уақыт аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Өнер және спорт" факультетінің деканы М.К.Нурпеисов студенттермен ата-аналарға қоғамдық қабылдау күнін өткізді. Қоғамдық қабылдау барысында студенттер мен ата-аналар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Атап айтар болсақ: университет тарапынан берілетін жеңілдік түрлері, кезеңдері, ғылыми жұмыс - ғылыми жобалар, ғылыми мақала шығару мүмкіндіктерімен артықшылықтары, ғылыми журналдар, факультеттегі студенттер үшін үйірмелер жұмысы, басқа ЖОО ауысу, басқа білім беру бағдарламаларына ауысу, мемлекеттен бөлінетін гранттар, жатақханаға онлайн өтініш беру, академиялық демалыс алу себептері т.б. сұрақтар қамтылды. Студенттер мен ата-аналардың қойылған сұрақтарына факультет деканы толық жауап берді, қоғамдық қабылдау ашық және көңілді өткізілді.
Жарты ғасыр сапта
2023 жылы 31 наурызда «Химик» мәдениет үйінде отставкадағы генерал-майор Әбдіхапар Райымжанұлы Қазиевтің 70-жылдығына арналған салтанатты іс-шараға «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының студенттері қатысты.
Полвека в строю
31 марта 2023 года в доме культуры «Химик» студенты военно-патриотического клуба «Болашақ сардар» приняли участие в торжественном мероприятии, посвященное 70-ти летию генерала-майора в отставке Казиева Абдыхапара Раимжановича.
Спорттық самбодан Чемпионат
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 742 оқу взводының студенті Нұрмаханбетов Шокан 2023 жылғы 5 ақпан қүні аралығында Жамбыл облысы бойынша спорттық самбодан өткен чемпионатқа қатысты.
Жүлделі І орын алып, диплом және медальмен марапатталды.
Чемпионат по спортивному самбо
Студент военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати Нурмаханбетов Шокан 742 учебного взвода участвовал в чемпионате по Жамбылской области по спортивному самбо 5 февраля 2023 г.
Занял І место, награжден дипломом и медалью.
САЛМАҚТЫ ПАЙЫМ, СҮБЕЛІ СҰХБАТ
Филология ғылымдарының кандидаты Әбішева Рыскен Рахымқызы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының студенттерімен жүздесіп, сүбелі сұхбат өрбітті.
Ұрпақ рухын ұштаған кездесу барысында автор «Тірі жүріп көргеннің бәрі қызық» атты естелік – әңгімелері, «Тасыған өмір, жасыған көңіл» және «Дүниедегі ең үлкен байлық» кітаптарының мазмұнына терең бойлады.
Тәрбие дәнін жас буынның бойына сіңдіруді көздеген аталған кездесуді «Жасын» әдеби – шығармашылық бірлестігінің жетекшісі С.М.Исматова тізгіндеді.
Университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директоры Назарбекова Алуа Ахмедиярқызы автор кітабының тұсауын кесіп, жүрекжарды лебізін білдірді. Сондай – ақ, келелі кездесуге кафедраның аға оқытушысы Н.М.Рсымбетова мен докторант К.Б.Қанат куә болды.
"Дара" медалімен марапатталды
Мәдениет және өнер саласы майталмандарының ҚР мәдениет қайраткері, профессор Айгүл Қабиеваға деген құрметі қашанда бөлек. Өнерге қадам басқан жастардың арасында да талай өнер иелерін тәрбиелеп шығарған ұстазды білмейтіндері кемде-кем.
ҚР мәдениет қайраткері, профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Мәдениет және өнер кафедрасының меңгерушісі Айгүл Қабиева театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін Қазақстан театр қайраткерлері Одағы төралқасының шешімімен «Дара» медалімен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,театр қайраткері Тұңғышбай Жаманқұлов басқаратын Қазақстан театр қайраткерлері Одағы таңдаулы маман, білікті ұстаз Айгүл Қабиеваны осы медальға лайық деп танып отыр. Бұл – жалпы театр өнері саласында берілетін ең елеулі марапаттардың бірі.
Құттықтаймыз!!!
«РЕЛИГИОЗНАЯ ПРОФИЛАКТИЧЕСКАЯ РАБОТА ДЛЯ СОТРУДНИКОВ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ»
28 марта 2023года в ГУ Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ Департамента по чрезвычайным ситуациям Жамбылской области прошел семинар на тему: «Пути профилактики религиозного экстремизма и суицида». В соответствии с запросом направленным данным учреждением, главный специалист Центра религиоведения Алпысбаев Б.К. был приглашен в качестве религиоведа. На семинаре ознакомел с направлениями реализации государственной политики в религиозной сфере РК. Кроме того, руководитель учреждения А.Абсатов наградил Алпысбаева Б.К. благодарственным письмом за активное участие в мероприятиях, посвященных профилактике религиозного экстремизма и терроризма в органах гражданской защиты и пропаганду патриотических, духовных ценностей воинам огня.
«АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДІНИ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР»
2023 жылдың 28-наурыз күні Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесінде «Діни экстремизм мен суицидтың алдын-алу жолдары» тақырыбында семинар өтілді. Аталған мекеменің сұраныс хатына сәйкес, Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, семинарда ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бағыттарымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, мекеме басшысы А.Абсатов тарапынан азаматтық қорғау органдарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға арналған іс-шараларға белсене қатысқандығы және өрт жауынгерлеріне патриоттық, рухани құндылықтарды дарытқандығы үшін Б.Қ.Алпысбаевты алғыс хатпен марапаттады.
