
Super User
Қазақ аруының бейнесі
2023 жылдың 7 наурызында М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Ұстаз" институты, "Әлем тілдері" кафедрасы Халықаралық әйелдер күніне орай "Қазақ аруының бейнесі" атты поэзия кешін ұйымдастырды.
Кафедра оқытушылары Г.А.Алимханова мен Д.П.Сабырова Қазақстан Республикасының мәдениет комитеті мен мәдениет және спорт Министрлігінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының көшпелі көрмесін шақырды.
Құттықтау
Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Д.Нұрмұханбет университеттің қыз-келіншектерін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, әдіскер О.Грушко мен шебер Ж.Қосаеваға құрмет грамоталарын табыстады.
Поздравления
Проректор по научной работе и международным связям Д.Нурмуханбет поздравил женщин университета с Международным женским днем 8 марта и вручил методисту О.Грушко и мастеру Ж.Косаевой почетные грамоты.
Құрметке әркүні лайық жандар
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті.
Театрландырылған қойылыммен басталған концерттік бағдарлама көрермендердің көңіліне нәзік сезім сыйлап, қуанышқа бөледі. Ана бойындағы асылдық пен мейірбандылық, қайсарлылық пен адалдықты арқау еткен бұл көрініс нәзікжандылардың өр рухты екенін тағы бір айқындағандай.
Университеттің жігіттер қауымы дайындаған мерекелік бейне-ролик ханымдарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Дулати университетінің Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Данияр Нұрмұханбет әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, нәзік жандардың қоғамдағы орнын айрықша атап өтті.
«Біздің қоғамда аналардың алар орны айрықша. Ана – ақылшы, тәрбиеші, үйдің береке-ырысы ғана емес, ол ел мен елді елдестіруші. Әйелдер – отбасының ұйытқысы ғана емес, кәсіби мамандар, заман көшіне ілесе білетін мықты менеджерлер, білімді-білікті басшылар! Әрбір адамның тағдырындағы ең жарқын сәттер ардақты аналармен, аяулы арулармен байланысты. Халқымыздың басына түскен ауыр сынақтарда да әйелдер ел тағдыры үшін жауапкершілік арқалаған. Бүгінгі егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Әйелдердің шығармашылық және кәсіби біліктіліктерін арттыру үшін барлық жағдай жасалуда», – деді Данияр Ысқақұлы.
Біздің университетте 1 423 әйел қызмет етеді. Оқытушы-профессорлардың 641-і білімді-білікті қыз-келіншектер, нәзікжандылар. Жалпы ғылымдағы әйелдердің үлесі – 54 пайыз. Статистика бойынша елімізде білім саласында, оның ішінде жоғары мектепте еңбек ететін әйелдердің саны көршілес мемлекеттермен салыстырған едәуір жоғары. Соңғы жылдарда жоғары білімді әйелдердің саны арта түскен.
Салтанатты жиында ЖОО үздік оқытушысы атағымен және университет ректорының алғыс хатымен нәтижелі жұмыс көрсеткен ару қыздарымыз марапатқа ие болып, ықылас гүлі ұсынылды.
Ана - өмір тірегі
Дулати университетінде еңбек ететін көп балалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері 8 наурыз мерекесіне орай марапатталды.
Өмірдің тірегі болған ардақты жандарға көрсетілетін әр күн құрметпен өтуі қажет. Әлем мен бесікті қатар тербеген бүгінгі іскер, батыр көп балалы аналардың қызметі қоғам дамуына елеулі үлес қосуда.
Дулати университетінде бес «Алтын алқа» және сегіз «Күміс алқа» иегерлері қызмет етеді. Көп балалы аналарға арнайы жиын жасалып, құттықтау ізгі тілек ретінде сыйлықтар табысталды.
8-наурыз күнімен!
8 наурыз мерекесіне орай, әскери кафедраның ер азаматтары университет әйелдерін құттықтап, әскери кафедраларға құттықтау хаттарын жолдады. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагері Хайруллин Миникасым Санғатұлұлының жұбайын құттықтады.
Әскери кафедра офицерлері 8-наурыз мерекесіне арналған қабырға газетін шығарды.
С днем 8 марта!
В честь праздника 8 марта мужчины военной кафедры поздравили женщин университета и направили поздравительные открытки на военные кафедры. Также поздравили вдову ветерана Великой Отечественной войны Хайруллина Миникасыма Сангатуловича.
Офицерами военной кафедры выпущена стенгазета, посвященная празднику 8 марта.
«Маскүнемдік пен нашақорлық – қылмыстар мен оқиғалардың көзі, АИТВ инфекциясын жұқтыруды тудыратын жайлар» тақырыбында студенттермен әңгіме өткізу
2023 жылғы 7 наурызында аралығында әскери кафедра студенттерімен «Маскүнемдік пен нашақорлық – қылмыстар мен оқиғалардың көзі, АИТВ инфекциясын жұқтыруды тудыратын жайлар» тақырыбында студенттермен әңгіме өткізілді.
Аға оқытушы запастағы полковник Н.К. Егезеков студенттерге есірткіні қолданудың салдары туралы айтып берді, алкогольдің зиянды әсері туралы білімдерін айтарлықтай кеңейтті, АИТВ инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайлары, оның пайда болу себептері туралы әңгімеледі.
Әңгіменің мақсаты: қазіргі әлемде мәселенің өзектілігін көрсету, студенттердің өзін-өзі тану арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын ояту.
Проведение беседы со студентами на тему: «Пьянство и наркомания – источники происшествий и преступлений, потенциальные условия заражения ВИЧ-инфекций»
7 марта 2023 года со студентами военной кафедры была проведена беседа на тему: «Пьянство и наркомания источники происшествий и преступлений, потенциальные условия заражения ВИЧ-инфекций».
Старший преподаватель полковник запаса Егизеков Н.К. рассказал студентам о последствиях употребления наркотиков, значительно расширил их знания о вредном влиянии алкоголя, с потенциальными условиями заражения ВИЧ инфекции, раскрыл его сущность профилактику и причины его возникновения.
Цель беседы: показать актуальность проблемы в современном мире, пробудить у студентов интерес к здоровому образу жизни через познание себя.
«Ана – мәңгілік шуақ төккен ғасырларға!»
Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институтының Экология кафедрасы 8 Наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – мәңгілік шуақ төккен ғасырларға!» атты іс-шара жүргізді. Тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында іс шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қызметкерлерін шақырды. Музей қызметкерлері «Ежелгі құнды әшекейлер» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырып, ерте замандағы қыз-келіншектер қауымының әшекей бұйымдарын, йіс су сақтайтын құтыларын және басқа да тұрмыста қолданатын жәдігерлерін көрсетіп, олардың тарихымен таныстырды.