
Super User
Жас дизайнер -2023
1 наурыз күні “Дизайн және сән индустриясы” кафедрасында “Жас дизайнер -2023” байқауы өтті. Байқауға 6В02111- Сән дизайны 1-4 курс студенттері қатысты. Байқау әділ қазы төрайымы “Сагила” сән ательесінің директоры кафедрамыздың жұмыс берушісі Сагилаева Гульмира Амангельдиевна болды. 1-2 курс аралығында шығармашылық бастама “Жануарлар әлемі” тақырыбында коллаж техникасымен эскиздер салынды. Әділ қазылар салынған эскиздерді сараптап жеңімпаздарды анықтады.
Мейірім мен достықтың мерекесіне айналды...
Елімізде көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту мерекесі 2016 жылдан бері атап өтіледі. Бұл күн тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдері ауыртпалықты бірге көтеріп, қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына алғыс айтатын күн..
Дәл осы күнде Қазақстан Ассамблеясының құрылуыда тегін еместі. Көп ұлтты зайырлы мемлекет ұстанымы мен символы - бейбіт өмір мен достық. Уақыт өте келе Алғыс айту мерекесінің актуалды тұстары мен көптеген жағымды жақтары барын аңғарамыз. Бұл мерекенің астарында адами құндылықтарымызбен қасиеттерімізді жандандыру, жаңғырту мәселелері жатыр. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне мейірім, достастық және махаббат таныту мерекесі болып қалыптасты. Рухани адамгершілікті, сыйластықты алмағайып заманда адамзат бір бірімен ұлт пен ұлысқа бөлінбей бірігу қажеттілігінің маңызын түсінді.
Ақтау қаласындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 712 оқу взводының студенті Айтқұлов Әміржан 2023 жылғы ақпанның 18 мен 22 аралығында Ақтау қаласында жауынгерлік самбодан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты.
Жүлделі ІІІ орын алып, диплом және медальмен марапатталды.
Чемпионат в Республики Казахстан в Актау
Студент военной кафедры Таразского регионального университета имени
М.Х. Дулати Айткулов Амиржан 712 учебного взвода участвовал в чемпионате Казахстана по боевому самбо с 18 по 22 февраля 2023г.
Занял ІІІ место, награжден дипломом и медалью.
Спорттық самбодан Чемпионат
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 712 оқу взводының студенті Абдулла Серік 2023 жылғы 5 ақпан құні аралығында Жамбыл облысы бойынша спорттық самбодан өткен чемпионатқа қатысты.
Жүлделі І орын алып, диплом және медальмен марапатталды.
Чемпионат по спортивному самбо
Студент военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати Абдулла Серик 712 учебного взвода участвовал в чемпионате по Жамбылской области по спортивному самбо 5 февраля 2023 г.
Занял І место, награжден дипломом и медалью.
Мастер-класс для студентов
Сегодня состоялся мастер-класс на тему: «Художественное оформление объектов дизайна с использованием традиционной техники валяния войлоком», организованный преподавателями колледжа модельного искусства и бизнеса «Аспара» А.И. Дарсиговой, А.Г. Естаевым, а также магистрантами ОП 7М02111-Дизайн А.О. Шенцовой и С.А. Мирали (руководитель: У.С. Келесова) для преподавателей и студентов 1-4 курсов кафедры «Дизайн и индустрия моды». Валяние панно в технике «нунофэлтинг» с использованием принтованого шифона запатентовано А. Шенцовой и С. Мирали.
ДУЛАТИ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ШАҒЫН ГЭС ЖОБАСЫ ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗІЛЕДІ
Тараз қаласында өткен инноваторлардың көрмесінде Дулати университетінің ғалымдары көпшілік назарына бірнеше инновациялық жобаларды ұсынды. Өнертапқыштардың теориялық және практикалық зерттеулерінде оң нәтиже көрсетіп, экономикалық негіздемелері жасалған ұсыныстар тиісті сала басшыларының қызығушылығын туғызды. Соның бірі – шағын ГЭС.
Жоба тиімді болғандықтан, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау тауып отыр. Оны өндіріске енгізуге облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға да дайын. Әзірге, 10 миллион теңге қаражат бөліп, құрылғының алғашқы тәжірибелік үлгісін жасап, іс жүзінде сынап көрмекші. Апрабациядан өтсе, қаланың каналдарына қойып, энергия өндіруге кіріседі.
Бұл – Архимед бұрандасы негізінде жасалған контейнерлік типтегі шағын электр энергиясын өндіретін жоба. Ерекшелігі – кішігірім су арналарына арналғандығында. Мәселен, Тараз қаласындағы Сеңкібай, Қапал, Үшбұлақ, Қарасу – 1, Қарасу – 2, Төрегелді, Базарбай, Түйте каналдарына арнайы құрылғы орнатып, энергия алуға болады.
«Оның механизмі мынадай: еркін ағып жатқан су энергия өндіретін шағын үлгідегі бұрандалы бұрандаорнатылған науаға құйылады. Су өз массасымен ұзын науағаәсер етіп, бұранданы айналдырады. Жүйе Архимед бұрандасының принципі бойынша жұмыс істейді. Бұрандалы шағын ГЭС-тің айырмашылығының өзі осында жатыр: құрылғы су ағынының айтарлықтай ауытқуларына қарамастан жұмыс істей алады. Оны қолданыстағы турбиналармен бірге қолдануға болады. Сондай-ақ бос суды ағызу кезінде де қосымша электр энергиясын алуға мүмкіндік бар», - дейді Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Сейітжан Орынбаев.
Жалпы Архимед бұрандасы— төмен орналасқан су қоймасынан жоғары орнасқан суландыру каналдарға су жіберу үшін пайдаланылатын механизм. Қазіргі заманда кең пайдаланатын түрі – Шнектің түпнұсқасы.
Айта кету керек, Қазақстанда 39 000-нан астам тұрақты және уақытша су ағындары бар. Ал оның барлығыэнергия өндіру үшін пайдаланыла бермейді. Себебі, генераторлар үлкен айдындар мен тоғандарға арналған. Сондықтан шағын су арналары пайдаланылмайды. Оларға мүмкіндігінше шағын гидроэлектростанцияларды пайдалану қажет.
Шағын ГЭС кенттер мен өндірістерді энергиямен қамтамасыз ете алады, сондай-ақ электр желілерінің негізгі қуаттарына жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Ол әсіресе, шалғайдағы таулы және тау бөктеріндегі ауылдар үшін аса қажет. Себебі ол жаққа электр желісін тарту тым қымбатқа түседі.Ол тіпті техникалық және экономикалық тұрғыдан мүмкін емес.
«Құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу» тақырыбында сабақ
2023 жылғы 22 ақпанда Тараз өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі С. Әсемқұлов пен бөлімінің офицері әділет капитаны Т. Далибаев әскери кафедрасының офицерлері және студенттерімен «Құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Занятие на тему: «Предотвращение правонарушений и суицида»
22 февраля 2023 года начальником отдела профилактики Управления военной полиции Таразского регионального гарнизона подполковником юстиции С. Асемкуловым и офицером отдела прфилактики капитаном юстиции Т. Далибаевым проведена разъяснительная работа с офицерами и студентами военной кафедры на тему: «Предотвращение правонарушений и суицида».