"Дара" медалімен марапатталды

Мәдениет және өнер саласы майталмандарының ҚР мәдениет қайраткері, профессор Айгүл Қабиеваға деген құрметі қашанда бөлек. Өнерге қадам басқан жастардың арасында да талай өнер иелерін тәрбиелеп шығарған ұстазды білмейтіндері кемде-кем.

ҚР мәдениет қайраткері, профессор, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Мәдениет және өнер кафедрасының меңгерушісі Айгүл Қабиева театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін Қазақстан театр қайраткерлері Одағы төралқасының шешімімен «Дара» медалімен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,театр қайраткері Тұңғышбай Жаманқұлов басқаратын Қазақстан театр қайраткерлері Одағы таңдаулы маман, білікті ұстаз Айгүл Қабиеваны осы медальға лайық деп танып отыр. Бұл – жалпы театр өнері саласында берілетін ең елеулі марапаттардың бірі.

Құттықтаймыз!!!

Прочитано 642 раз
Top