
Super User
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ӨРКЕНДЕУІ – ЖАСТАР ҚОЛЫНДА
«Технолог» студенттік–ғылыми үйірмесінің (СҒҮ) жұмыс жоспарына сәйкес 23.12.2022 жылы Тараз қаласының мектеп бітіруші оқушыларымен «Жеңіл өнеркәсіптің өркендеуі – жастар қолында» тақырыбында дөңгелек үстел форматында ашық отырыс өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласындағы ғылыми-зерттеу іс-әрекеті үшін мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамыту. Дөңгелек үстелде мектеп оқушылары мен үйірме мүшелері Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібінің мәселелерін талқылады.
ТӨРТ БІРДЕЙ СТУДЕНТІМІЗ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Шымкент қаласында ересектер арасында Каратэ-до Шотоканнан өткен Қазақстан Кубогында Дулати университетінің төрт бірдей студенті чемпион атанып қайтты.
Университетіміздің қабырғасында жаттығып жүрген, қарсыластарына мүмкіндік бермей жеңіспен, абыроймен оралған студенттеріміз:
1. ДЖУМАМУРАТОВ НУРЛАН — І ОРЫН - 2 курс студенті.
2. МАМАНОВ АХАТ — І ОРЫН - 2 курс студенті
3. СМЕТОВ СУЛТАН — І ОРЫН - 1 курс студенті
4. САГЫНДЫКОВА МЕЙІРІМ — І ОРЫН - 2 курс студенті
Осы чемпиондарымызды даярлаған ҚР спорт шебері, «Дене шынықтыру мен спорт теориясы» кафедрасының аға оқытушысы МАХАМБЕТОВ ЕРІК ОРАЛБЕКҰЛЫНА алғыс айтамыз. Жеңіске бірге жетейік!
"Сыбайлас жемқорлық - қоғам мәселесі"




2022 жылы желтоқсан айында студенттердің діни көзқарастарын зерделеу бойынша жүргізілген сауалнаманың ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
Қазіргі таңда жастар арасында діни экстремизм мен терроризм көріністерін алдын-алу мақсатында жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Өйткені, жастардың бойында деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы рухани иммунитет және діни сауаттылықты қалыптастыру өзекті мәселенің бірі. Осыған орай, Дулати университетінде Дінтану орталығы 2013 жылдан бастап жүйелі түрде жұмыс жасауда. Дінтану оратылығының бас маманы ретінде дінтанушы-магистр Б.Қ.Алпысбаев қызмет жасайды. Дінтану орталығы тарапынан жыл сайын барлық институт және факультет студенттеріне дін саласындағы профилактикалық жұмыстарын және сауалнамалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Студенттерге оқу ақысын төлеу үшін 2-3 пайыздық кредит беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда студенттерге оқу ақысын өтеу үшін мөлшерлемесі төмен несие беру жолдарын қарастыруды міндеттегені баршаға мәлім.
Жолдаудан туындаған міндеттерді орындау мақсатында студенттерге төмен мөлшерлемемен кредит беру жүйесі жасалды.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, 2023-2024 оқу жылынан бастап оқу ақысын төлеу үшін студенттер банктен 2-3 пайыздық кредит ала алады.
Министрлік Қазақстанда бұрын қолданыста болған қаржыландыру және несие беру модельдерін тиянақтап жасау үстінде.
Мамандардың сөзіне сүйенсек, студенттер несиені өз атына рәсімдей алады екен. Ал несиені екінші деңгейлі банктер береді.
Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
2022 жылғы 23 желтоқсанда әскери кафедра оқытушысы отставкадағы майор Қ.А. Оңалбеков Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде онлайн форматта өткен «Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының ұлы, даңқты қолбасшы» атты халықаралық ғылыми–теориялық конференцияға қатысты.
Конференция аясында келесі бағыттар бойынша сұрақтар талқыланды: «Бауыржан Момышұлы қазақ халқының тарихында. Өмірбаян беттері. Бауыржан Момышұлының әскери өнер мен тактиканы дамытуға қосқан үлесі. Қазіргі әскери істегі аты аңызға айналған қолбасшының мұрасы. Бауыржан Момышұлының еңбектеріндегі әскери тарих, әскери оқыту және тәрбиелеу».
Международная научно-теоретическая конференция
23 декабря 2022 года преподаватель военной кафедры майор в отставке Оналбеков К.А. принял участие в международной научно-теоретической конференции «Бауыржан Момышұлы – сын казахского народа, легендарный полководец», которая проходила в Национальном университете обороны имени Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы в онлайн формате.
В рамках конференции обсудили вопросы по следующим направлениям: «Бауыржан Момышұлы в истории казахского народа. Страницы биографии. Вклад Бауыржана Момышұлы в развитие военного искусства и тактики. Наследие легендарного полководца в современном военном деле. Военная история, воинское обучение и воспитание в трудах Бауыржана Момышұлы».
Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою
Қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы, әскери қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туған күніне орай «Болашақ Сардар» әскери-патриоттық клубының студенттері запастағы подполковник А.А. Дүйсенбаевтың жетекшілігімен «Жеңіс»саябағында Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Қаза тапқан жауынгер-батырды қатысушылар бір минут үнсіздікпен еске алды.
Возложение цветов памятнику Бауыржана Момышулы
В честь дня рождения полководца, легендарного сына казахского народа, Героя Советского Союза Бауыржана Момышұлы, студенты военно-патриотического клуба «Балашақ Сардар» под руководством подполковника запаса Дуйсенбаева А.А. возложили цветы памятнику Бауыржана Момышұлы в парке «Жеңіс».
Память павшего воина-героя участники церемонии почтили минутой молчания.
Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына арналған әдеби кеш
«Химия және химиялық технология» кафедрасының ұйымдастыруымен Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына арналған әдеби кеш өтті.
Әдеби кештің негізгі мақсаты - жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысу, жазушы шығармаларының идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, шығармаларды нақышына келтіріп оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту.