Әдістемелік семинарлар циклі

Құрметті декандар/директорлар мен кафедра меңгерушілері!!!

01.02.2023 ж. бастап университетіміздің Академиялық саясат жөніндегі департаментінің әдістемелік семинарлар циклі басталады. Семинарлар сат 15-00 де 2.3.308 аудиториясында өткізіледі, кафедра меңгерушілері мен сапаны қамтамасыз ету тобының жетекшілері міндетті түрде қатысу қажет.

Семинарлардың өту мерзімі:

Семинар

Семинар атауы

Қатысушылар

1

31.01.2023 ж. - «Білім бағдарламаларын Жаңа кәсіптер Атласына сәйкес жаңарту және пайдалану ерекшеліктері»

Барлық кафедра меңгерушілері, сапаны қамтамасыз ету тобының жетекшілері

2

02.02.2023 ж. - «Қорытынды аттестаттаудың өзгертілген Ережесін оқу үрдісіне енгізу мәселелері»

Барлық кафедра меңгерушілері, сапаны қамтамасыз ету тобының жетекшілері

3

03.02.2023 ж. - «Онлайн оқытуға дайындық бойынша Жол картасына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру».

3.1 - Ақпараттық технологиялар факультеті;

 - Экономика және құқық факультеті;

 - Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің кафедра меңгерушілері.

3.2 - Жалпы білім беру кафедраларының меңгерушілері («Ұстаз» факультетінің ЖББ кафедраларынан басқа),

 - «Қолданбалы биология» кафедрасы, «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасы, «Химия және химиялық технология» кафедрасы, «Туризм және сервис» кафедрасы, «Мәдениет және өнер» кафедрасы,  «Мелиорация және агрономия» кафедрасы, «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасы, «Көлік техникасы мен технологиялары» кафедрасының меңгерушісі.

4

06.02.2023 ж – «Coursera платформасындағы онлайн курстарды университеттің оқу үрдісінде тиімді пайдалану».

Физика және  IT, Филология және журналистика, Шетел филологиясы мен аударма ісі кафедралары, Ақпараттық жүйелер, Қолданбалы математика және статистика, Техникалық физика, Қолданбалы информатика және бағдарламалау, Менеджмент, Экономика, Философия және саясаттану кафедралары

Прочитано 783 раз
Top