
Super User
Успешно защищена докторская диссертация
Докторант кафедры «Химия и химическая технология» по специальности 6D060600-«Химия» Мырзахметов Бауыржан Аскарбекович успешно защитил докторскую диссертацию на соискание степени доктора философии (PhD) на тему: «Физико-химические свойства и квантово-химические расчеты фотосенсибилизаторов, используемых в фотодинамической терапии» 28 декабря 2022 года в диссертационном совете при КазНУ имени аль-Фараби.
Научные консультанты:
- Цой Ирина Генадьевна - кандидат химических наук, ассоциированный профессор (доцент) кафедры «Химия и химическая технология»;
- Celine Frochot – PhD, профессор университета Lorraine, г. Нанси (Франция).
Желаем Бауыржану Аскарбековичу в дальнейшем творческих успехов, новых открытий и достижений, благополучия и уверенности в своих силах.
Коллектив кафедры "Химия и химическая технология"
Докторлық диссертация сәтті қорғалды
«Химия және химиялық технология» кафедрасының «Химия» мамандығының докторанты Мырзахметов Бауыржан Асқарбекұлы «Фотодинамикалық терапияда қолданылатын фотосенсибилизаторлардың физика-химиялық қасиеттері және кванттық-химиялық есептеулері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясын 2022 жылғы 28 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ диссертациялық кеңесінде сәтті қорғады.
БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАЛАРДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР
28-29 желтоқсан күндері «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті, п.ғ.к. З.Қашқынбаева Тараз қаласындағы №41 «Айналайын», «Ақүрпек», №35 «Ертөстік», №36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшаларында әдістемелік семинарлар өткізді. Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие ісінде аталмыш кафедраның профессор-оқытушылармен балабақша мамандарының ынытымақтастықта жасалынған ғылыми-әдістемелік жұмыстардың нәтижесі қорытындыланды. Қазіргі кездегі мектеп жасына дейінгі баланы дамытуға бағытталған жұмыстардағы өзекті проблемалар мен стратегиялық жұмыс жоспарлары талқыланды. Семинар барысында балабақша меңгерушілері, әдіскерлер мен тәрбиешілер мынадай мәселелерге баса назар аударды, олар: біліктілікті арттыру, ғылыми-зерттеушілік құзіреттілікті жетілдіру, заттық-дамытушы орта, оқу-әдістемелік құралдар мен циклограмманы жасауда көптеген келелі ой-пікірлері білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды Баланың ұсақ және ірі моторикасын дамытуға бағытталған тәрбиешілердің авторлық инновациялық әдістемелік жұмыс түрлерімен таныстырылды. Сонымен қатар, жыл бойы ынтымақтастықта тығыз жұмыс жасауда біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілеті көрсете білген меңгеруші, әдіскерлер «Ұстаз» институтының директорының алғыс хатымен марапатталды.
Университет ректорының Жаңа жылдық құттықтауы
Құрметті, Дулати университетінің қызметкерлері!
Қадірлі профессор-оқытушылар құрамы, студент жастар!
Сіздерді келе жатқан 2023 жыл Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Өткен 2022 жыл еліміз үшін оңай болған жоқ. Сын мен қауіп-қатерді қатар бастан өткердік. Алайда сындарлы сәттердегі қиындықтарды елмен бірге еңсердік.
Елде көптеген өзгерістер орын алды. Соның ішінде білім беру жүйесінде елеулі жаңалықтар болды. Жаңадан жоғары білім және ғылым министрлігі құрылды. Кадр даярлаудағы жоғары білім беру сатысына баса көңіл бөліне бастады. Бұл білім саласындағы үлкен бетбұрыс.
Алдағы 2023 жылдан да күтеріміз көп. Жаңа жыл біздің оқу орны үшін жаңа табыстар мен жетістіктердің жылы болады деп сенім артамыз. Жаңа мүмкіндіктер сыйлайды деп үміттенеміз!
Жаңа жылда баршаңыздың үміт етіп күткен армандарыңыз орындалып, табысқа жетіңіздер!
Жаңа жыл баршамызға жақсылығымен келсін!
Жаңа жыл құтты болсын!
Ізгі тілекпен, Дулати университетінің ректоры
Мұхтар Байжұманов
«2022 ЖЫЛҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
«2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды.
Өз мамандығы бойынша Қазақстандық 43 ЖОО-ның ішінен Дулати университеті "Педагогикалық психология" кафедрасының меңгерушісі Клара Сматова мен "Техникалық физика" кафедрасының аға оқытушысы Толқын Қасенова үздіктер қатарынан көрінді.
Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алатын болады, бұл шамамен 6 млн теңгені құрайды. Ақшалай ынталандырудан басқа «2022 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары төсбелгіге ие болады.
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Жаңа 2023 жыл құтты болсын !!!
Әскери кафедра басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері М.С. Хайруллинің жұбайын, сондай-ақ ұжымды келе жатқан Жаңа 2023 жылмен құттықтады.
С Новым 2023 годом !!!
Руководство военной кафедры поздравило вдову ветерана Великой Отечественной войны Хайруллина М.С., а так же коллектив с наступающим Новым 2023 годом.
Кәсіби дайындық
2022 жылғы 12 мен 26 желтоқсан аралығында әскери кафедраның 2022-2023 жылдарға арналған бекітілген жоспарына сәйкес, әскери кафедраның оқытушылар құрамымен кәсіби дайындық жүргізілді.
Сабақтар жоғары әдістемелік деңгейде толық көлемде өтті.
Профессиональная подготовка
В соответствии с утвержденным планом военной кафедры на 2022-2023 год, в период с 12 по 26 декабря 2022 года проведена профессиональная подготовка с преподавательским составом военной кафедры.
Занятия прошли в полном объеме на хорошем методическом уровне.
Марапаттау
2022 жылғы 29 желтоқсанда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Ректоры тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін цикл бастығы әскери кафедраның аға оқытушысы, запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаевты Құрмет грамотасымен марапаттады.