ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІ
ЖАНҚУАНЫШЕВ МӘРТЕБЕ ҚҰТТЫҚИЯҰЛЫ
Ғылыми-зерттеу қызметі бөлімінің бастығы
Техникалық ғылымдар кандидаты
Телефон: 8 777 170 53 88
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Төле би көшесі, 62, 410 каб.
Ғылыми-зерттеу қызметі бөлімі (ҒЗҚБ) М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ғылым және коммерцияландыру департаментінің бөлімшесі болып табылады
ҒЗҚ бөлімі меншіктің түрлі түріндегі ұйымдар қызметінің негізгі бағыттарын жетілдіру үрдістерін терең ұғыну және ғылыми негіздеуге, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті ғылыми және практикалық қызметтің өзара байланысын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
ҒЗҚБ негізгі міндеттері:
- ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруда университеттің құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс - қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
- жасаушылардың зияткерлік меншігін және авторлық құқығын қорғау арқылы ЖОО ғылымын нығайту және дамыту үшін жағдай жасау;
- университет ғалымдарының және басқа да жоғары оқу орындарының, сондай-ақ ғылыми, жобалық, тәжірибелік-конструкторлық және өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындардың ғылыми-техникалық жетістіктерін насихаттау;
- университет қызметінің бейіні бойынша оқу және ғылыми мекемелермен, шет елдердің өндірістік фирмаларымен халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту;
- оқытушылар мен білім алушыларды ғылыми қызметке тарта отырып, университет кафедраларында оқу жұмыстарымен ғылыми зерттеулердің тығыз байланысын орнату;
- білім беру, ғылыми және инновациялық үдерістерді интеграциялау негізінде университеттің ғылыми-зерттеу саласындағы инновациялық және халықаралық қызметін дамыту;
- оқытушыларды, қызметкерлерді және студенттерді ғылыми-инновациялық қызметке тарту;
- студенттік инновациялық құрылымдарды дамыту;
- университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
- конкурстар, семинарлар, конференциялар, көрмелер ұйымдастыру және өткізу.
- Тараз университеті ҒЗЖ тақырыптық жоспарында қарастырылған ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыру және тиісті білім саласы бойынша олардың даму перспективаларын анықтау;
- зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізудің әдістері мен құралдарын таңдау, қойылған міндеттерді шешу жолдары;
- бөлімшенің перспективалық жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеу және оларды университет басшылығына ұсыну;
- жоспармен қарастырылған тапсырмалар мен шарттық міндеттемелерді орындау;
- студенттер, магистранттар мен докторанттардың ғылыми жұмыстарының тақырыптарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
- ҚР ғылыми-технологиялық кешенінің перспективалық, басым бағыттары бойынша Тараз университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйлестіру;
- ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында кафедра арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
- перспективалық тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру.
Қызметі: инженер
Телефон: 8 701 498 43 34
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Қызметі: маман
Телефон: 8 700 894 99 33
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Қызметі: маман
Телефон: 8 707 966 59 46
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.