МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

Міндеттері:

  • университеттің өнертапқыштық шығармашылығын дамыту және шаруашылық қызметте зияткерлік меншік объектілерін пайдалану үшін экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау;
  • өнертапқыштық қызметті ынталандыру, зияткерлік меншік объектілерін құруға және пайдалануға жәрдемдесетін авторлар мен тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • патенттік-ақпараттық жұмысты ұйымдастыру, университет қызметкерлері өткізілетін және перспективалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбы бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • ғылыми-техникалық құжаттаманы жасауға шарттар дайындауға қатысу және олардың орындалуын бақылау;
  • Ұлттық зияткерлік меншік институтына (ҰЗМИ) Өнертабысқа патенттер беруге өтінім дайындауды және ұсынуды ұйымдастыру;
  • өнертабыс деңгейінде университетте ғылыми-техникалық зерттеулер есебін жүргізу және бақылауды жүзеге асыру;
  • патенттік және ақпараттық жұмыс бойынша стендті рәсімдеуге қатысу;
  • шетелдік мақсатты патенттеу туралы мәселелерді шешуге қатысу, материалдар дайындау және ҰЗМИ арқылы хат-хабар алмасу;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
  • сектордың барлық қызметкерлерінің ішкі тәртіп ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауына пәрменді бақылауды қамтамасыз ету;
  • университеттің барлық деңгейдегі ғылыми-техникалық конференцияларын дайындауға қатысу;
  • патенттік қызметте міндетті түрде қолданыстағы патенттік заңды және Қазақстан Республикасының нормативтік актілерін басшылыққа алу;
  • салааралық алдыңғы қатарлы тәжірибедегі ғылым мен техникаға қол жеткізу туралы жарияланатын және жарияланбайтын материалдарды жүйелі түрде іріктеу;
  • қызметкерлерді конференцияларға, симпозиумдарға, кеңестерге тарту бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу;
  • ақпараттық парақтарды, депозитке салуға қолжазбаларды қабылдауды, тексеруді және оларды КазНЦГНТЭ-ға жіберуді жүзеге асыру;
  • жұмыс туралы жылдық есептерді құру және белгіленген тәртіпте оларды басшылыққа ұсыну.