«АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДІНИ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР»

2023 жылдың 28-наурыз күні Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесінде   «Діни экстремизм мен суицидтың алдын-алу жолдары» тақырыбында семинар өтілді. Аталған мекеменің сұраныс хатына сәйкес, Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, семинарда ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бағыттарымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, мекеме басшысы А.Абсатов тарапынан азаматтық қорғау органдарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға арналған іс-шараларға белсене қатысқандығы және өрт жауынгерлеріне патриоттық, рухани құндылықтарды дарытқандығы үшін Б.Қ.Алпысбаевты алғыс хатпен марапаттады.

 3

2

Top