Институт және факультттердің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарларына, аға кураторларына арналған дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

2022 жылдың 27-желтоқсанда Дінтану орталығының ұйымдастыруымен 2.1-301 оқу ғимаратында институт және факультттердің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарларына, аға кураторларына арналған дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында әдістемелік семинар өтілді. Семинарға Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің басшысы А.Назарбекова, Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев, декан орынбасарлары және аға куратолар қатысты. Өтілген семинардың негізгі мақсаты - 2022 жылы желтоқсан айында кураторлар және студенттердің арасында өтілген діни сауалнаманың қорытындысын талқылау және ұсыныстарды жеткізу болып табылады. Талқылау барысында ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес, студент жастарды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтау мақсатында олардың діни сауаттылығын және рухани иммунитеттерін қалыптастырудың маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, институт және факульттердің тәрбие жұмыс жоспарына діни экстремизм мен терроризм көріністерін алдын-алу бағытын міндетті түрде енгізу ұсынысы жеткізілді.

Іс-шараның соңында кураторлар тарапынан қойылған өзекті сауалдарға тұшымды жауаптар берілді.

1

1

1

Top