РАДИКАЛДЫҚ ДІНИ ИДЕОЛОГИЯҒА ҚАРСЫ ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2022-жылдың 02-қараша күні «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының ұйымдастурымен №2 Студенттер үйінде жастармен кездесу өтілді. Кездесуге қатысқан қонақтар «Сауран» медициналық орталығы, Тәрбие бөлімі және Дінтану орталығы. Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Алпысбаев дін саласына байланысты өзінің ой-пікірімен бөлісіп, студенттерді қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақ болуға шақырды. Деструктивті діни ағымдардың идеологиясы мемлекеттің демократиялық, зайырылылық принциптеріне сай келмейтін құбылыс. Мемлекетшілдік пен ұлттық құндылықтарды мойындамай, өзіндік діни идеологияларын қоғамға сіңіруге әрекет жасайтын топ бүкіл әлемге тән проблемаға айналды. Сондықтан, діннің атын жамылып, қоғамдағы аз қорғалған, ойлау жүйесі толық қалыптаспаған жастардың арасында мемлекеттің болашағына күдікпен әрі сенімсіздікпен қарайтын идеяның таралмау үшін жастарға ұлттық тәрбие беру құндылықтарының қажеттілігі айтылды.

 

Top