«ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»
2022 жылдың 28-қазан күні «Тарих және география» кафедрасы және Дінтану орталығы өзара жұмыс жасай отырып, «6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының (Ист-22-1, 3 топтары) 1-курс студенттеріне «Жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығы» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Дінтану орталықтың бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде студенттерге қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, кереғар діни ағымдардың ықпалының алдын алу, ғаламтор желісін дұрыс пайдаланудың маңыздылығы туралы слайд арқылы түсіндіріп өтті.
Соңғы кездері ел ішін жайлаған, жаңашылдық әкелмек болған деструктивті ағымдар кең таралуда. Діни сауатсыздығының кесірінен ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіретін жатқа жалтаңдап, халқымыздың салты мен дәстүріне керағар дүние жасап жатқандар аз емес. Жат ағымды жақтаушылар арасында жастарда жиі кездеседі. Жастарымыздың осындай қателіктерге ұрынуына басты себеп – дұрыс пен бұрыстың аражігін ажырата алмай ғаламтор беттеріндегі түрлі жат ағымдардың сайттарына кіруі. Діни сауаттылығы әлсіз адамдарды бұл үлкен қатерге алып баруда. Ұлттық құндылықтарымызға, ұстанып отырған салт-дәстүрімізге қайшы келетін жат ағымдар қоғамға да адамға да кері әсерін тигізбей қоймайды.