ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ БОЛУ

2022 жылдың 28-қыркүйек күні университетінің 5.1-111 оқу ғимаратында «Ұстаз» институтының 1-курс студенттерімен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына байланысты кездесу өтілді. Аталған кездесуге Дінтану орталығының бас маманы Бахтияр Қаржаубайұлы Алпысбаев дінтанушы маман ретінде қатысып,  діни экстремизм мен терроризм қаупі туралы хабардар болу, дін саласындағы мәселелерді неғұрлым терең түсіну, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру туралы ойларымен бөлісті. Себебі діни экстремизм – діни артықшылық, діни алауыздық, жеккөрушілік, дінді саясаттандыру сияқты ең шеткі қисынсыз көзқарастары мен әрекеттері арқылы пайда болатын қоғамға қауіпті құбылыс болып табылады.

Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу шаралары бойынша жұмыс ең алдымен, өскелең ұрпаққа берілетін тәрбиемен ұштастырыла атқарылуы тиіс. Себебі бүгінгі жас буын ертеңгі елдің келешегін құратын, тізгініне ие болатын аға буынға айналмақ.

Top