Адасқанның алды жөн, арты соқпақ

Жолынан жаңылып, адасқан жастарды қайтадан жөнге салу көп уақытты, үлкен ерік-жігерді қажет етеді. Дұрысы – жас ұрпақ қателесіп, жат діннің жетегінде кетпеуін ойластыру.

Дулати университетінің «Ұстаз» институтында 1-2 курс студенттеріне қоғамдағы діни-саяси экстремизм көріністеріне қарсы түру үшін жастардың бойындағы рухани иммуниет құндылықтарын қалыптастыруына байланысты дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Бұл кездесуге Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, елімізегі дін саласындағы мемлекеттік саясатының бағыт-бағдарына тоқталып өтті. Оның ішінде әлеуметтік желілерде дәстүрлі емес діни материалдарды таратпау және күмәнді діни топтарға тіркелмеу бағыттары да ескерілді.  

Алаш көсемі Мұстафа Шоқайдың: «Ұлт мәдениетінен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажетіне пайдалы азамат шықпайды» деп айтқанындай жастардың бойында ұлттың рухани және материалдық құндылықтарын бағалай білетін, ана тілінің қадірін арттырып, дамуына үлес қосатын жан-жақты білімді, дені сау, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы жоғары ұлтжанды азамат тәрбиелеу – бұл рухани иммуниеттің белгісі.  

image005 

Top