Мамамандар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің діни сауаттылығын қалыптастыру, деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау және жастарды адасудан сақтандыруды көздегендері анық. Жалпы қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың идеологиясын алдын-алу үшін ұлттық және рухани құндылықтарға негізделген тәрбиелік бағыттарды жүзеге асыру аса қажет.
ЖАСТАР ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТПЕСІН
Жастар жат ағымның жетегінде кетпесін десек, діни сауаттылықты арттыруда маңызды қадам жасауға тиіспіз. Бұл үшін әрине, кешенді жұмыс жүргізу қажет. Білім алуға, өмірді тануға ұмтылған өскелең ұрпақ адаспайды. Ал ол үшін білім беру жүйесіне өзгерістер керек.
14 наурызда «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы С. Мамешова және Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаевтың студенттермен кездесу ұйымдастырудағы мақсаттары осы болды. Жастарға өмірлік білім алудың, яғни кәсіп иесі атанатындай мамандық алудың маңызы туралы айтылды. Студенттер спикерлерге әртүрлі сауалдар жолдап, еркін әңгіме өрбіді.