ДІН САЛАСЫНДАҒЫ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ

2022 жылдың 18-ақпан күні «Текстиль материалтану және стандартизация» кафедрасының аға оқытушысы Ғ.Ә. Қасымованың бастамасымен «Инновациялық текстиль» мамандығының 1, 2-курс студенттеріне дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесуге Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде қатысып, студенттерге баяндама жасады. Б.Алпысбаев өз баяндамасында: «...Қазіргі кездегі әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе - діни экстремизм мен терроризм. Сондықтан студент жастардың бойында діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру үшін ұлттық имуннитетін дамыту - басты міндеттердің бірі саналады». Лекция барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтар төңірегінде ойларын ортаға салып, пікір алысты. Қатысқан саны – 35.

 2

3

Top