БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

23.09. – 24.09.2021ж. күндер аралығында «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің ұйымдастыруымен топ кураторлар мен 1-курс студенттерге арналған дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға Дулати университетінің құрамындағы Дінтану орталығының бас маманы Бахтияр Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылды. Дінтану орталығының жұмыс жоспарына сай, Б.Алпысбаев өз баяндамасында ҚР Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және ҚР «Діни қызмет және діни бірлесіктер туралы» заңына сәйкес діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатерінен сақтану жолдары, мемлекет пен дін арақатынасын реттейтін зайырлылық ұстанымды сақтау және университетінің ішкі тәртіп Ережесін, Корпоративтік әдеп туралы Ережесін сақтау туралы ой-пікірлерді айтып өтті.

Дінтану орталығының бас маманы
Б.Алпысбаев

Top