Ы.ДҮКЕНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ДІН САЛАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
03.09.2021ж. күні Ы.Дүкенұлы атындағы тараз қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен дін саласына байланысты кездесу өткізді. Бұл кездесуге Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылды. Бахтияр Алпысбаев өз сөзіңде: «Қазақстанның әрбір азаматы этникалық шығу тегі мен діни көзқарасына қарамастан, өзінің мәдениетін, дәстүрі мен тілін дамытуға, қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларына атсалысуға құқылы. Қазақ халқы және басқа да этностардың тарихи қалыптасқан ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау мемлекеттің ерекшелігі болып табылатындығын атап өтті». Іс-шара бейнероликке түсіріліп, әлеуметтік желілерге жүктелінді.