№3 СТУДЕНТТІК ҮЙІНДЕ ӨТІЛГЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ САҒАТ
2021 жылдың 04-мамырда сағат 19.00-де М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің №3 Студенттік үйінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жргізілді. Аталған кездесуге Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы Б.Алпысбаев және «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің бас маманы А.Қадырқұлов қатысты. Дінтанушы Б.Қ.Алпысбаев студенттерге дін саласына байланысты әлеуметтік желіде дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясынан сақ болуға шақырды. Сонымен қатар, дін мен дәстүрдің сабақтастығы, қазақ ойшылдардың рухани мұралары және діни экстремизмнің қауіп-қатері туралы ғылыми танымда мәліметтер айтылды. Іс шара соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты.