«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІН»

2021 жылдың 23-сәуірде Дулати университетіне қарасты  «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институтының бастамасымен «Ұлттық құндылық және дін» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Бұл кездесуге Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Ерзат Жасқанбайұлы Жақыпов және Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев қатысып, студент жастарға ұлттық-діни бірегейлік, дін мен дәстүр сабақтастығы, рухани тарих туралы ой қозғады. Қоғамдағы діни экстремизмге қарсы тұратын төте жол – ол ұлттық құндылықты жаңғырту. Ұлы Абай өз өсиетінде: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық».

Top