Дінтану орталығының жетекшісі Б.Алпысбаев
ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТІЛЕТІН «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНІҢ САПАЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2021 жылдың 25-29 қантар аралығында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен №36, №3, №5 орта мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдеріне дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өтілді. Аталған кездесуге Жамбыл облыстық және Тараз қалалық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі ретінде, дінтанушы Б.Қ.Алпысбаев шақырылып, ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарымен таныстырып өтті. ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысында «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің сапалық жүйесін жақсарту, жастардың діни сауаттылығын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында ағартушылық жұмыстарды жаңғырту және интернет-желісінде күмәнді діни парақшалардан сақ болу туралы оқушыларға кеңінен түсіндірілді. ҚР «діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға байланысты сұрақтар қойылып, өзекті жауаптар берілді.