«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ – ӘЛЕМГЕ ТӨНГЕН ҚАУІП» ТАҚЫРЫБЫНДА ДІН САЛАСЫНДА КЕЗДЕСУ

2021 жылдың 11-қантарда Мектеп олимпиадалар және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығының КММ ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризм – әлемге төнген қауіп» тақырыбында дін саласында кездесу өткізді. Бұл кездесуге Дулати университетінің Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы Б.Қ.Алпысбаев баяндамашы ретінде шақырылып, оқушыларға діни экстремизмнің қауіп-қатерінен және интернет-желісінде радикалдық діни идеяны астарлы түрде насихаттайтын  діни ағымдардың парақшаларынан сақ болуға шақырды. Жастардың бойында ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды қалыптастыру, діни экстремизмнің алдын-алу профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселесі өте өзекті.

Іс-шара кезіңде слайд пен бейнеролик көрсетіліп, қойылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді.

Дінтану орталығының бас маманы

Б.Алпысбаев

Top