«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН СУИЦИДТІҢ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОНЛАЙН ФОРМАТТА ІС-ШАРА ӨТІЛДІ

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен суицидтің алдын-алу жолдары» тақырыбында онлайн форматта іс-шара өтілді. Аталған іс-шараға Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев қонақ ретінде шақырылып, мекеме қызметкерлеріне дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онлайн форматта барлық қалалық, аудандық өрт-сөндіру бөлімшелері қатысты. Дінтанушы Б.Алпысбаев өз сөзінде: ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы, ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламаның бағыт-бағдарларын жүзеге асыру мақсатында қоғамдағы әсіресе, әскери саласында діни экстремзимнің алдын алу профилактикалық жұмыстарын тоқтатпау керектігін атап өтті.  Іс шара соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасын тапты.

Top