«МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!»

Республикалық педагогикалық олимпиадасы

2023 жылдың 24-26 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті оқу  орнының құрылғанына 65 жыл толуына орай және «Педагогикалық сыныптарды оқыту бағдарламасының» қорытынды кезеңін өткізу мақсатында «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!» атты Республикалық педагогикалық олимпиадасын «Педагогика» кафедрасы жоғары деңгейде өткізе білді.

Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - Жаңа Қазақстан  жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін жаңғыртуда педагогикалық кадрлардың дайындық сапасын арттыру мақсатында педагог мамандығына талантты түлектерді тарту.

Педагогикалық олимпиаданың міндеттері:

  • жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды түлектерін анықтау;
  • «Педагогикалық сыныптар» арқылы мұғалімдік мамандыққа мектептердің талантты түлектерін тарту;
  • педагогикалық мамандықты таңдауда мотивация және кәсіби бағдар беру, мектеп бітіруші түлектерінің  сындарлы ойлау және креативті  қабілетін дамыту;
  • педагогикалық кадрларды дайындау сапасын арттыру мақсатында МЕКТЕП-ЖОО ынтымақтастығы негізінде  мектеп түлектері арасынан өздеріне лайықты ізбасарларды дайындау.

Жалпы орта білім беретін мектеп түлектері арасында  қашықтан және офлайн өткізілген «Мен педагог мамандығын таңдаймын!» атты   Республикалық педагогикалық олимпиадасына Қазақстанның түкпір-түкпірінен  70 тен астам үміткер өтініш беріп қатысты.

«МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН» атты  Республикалық  педагогикалық олимпиадасы 3 турдан тұрды. Олар: «ЭРУДИТ» білімділер сайысы  интеллектуалды тур,  2-ші тур  «Жаңа Қазақстанға – жайлы мектеп»  инновациялық мектептің моделі «Менің арманымдағы мектеп» ғылыми жобасы, 3-ші тур «Егер мен  ПЕДАГОГ  болсам ...» авторлық жоба/инновациялық ой-толғау болды.

«Мен педагог мамандығын таңдаймын!» атты Республикалық педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздарын Бұзаубақова Клара Жайдарбекқызы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттап және олардың жетекшілеріне өз алғысын білдіріп Алғыс хаттар табыстады.  

2

3

4

5

6

Top