БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАЛАРДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

28-29 желтоқсан күндері «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті, п.ғ.к. З.Қашқынбаева Тараз қаласындағы №41 «Айналайын», «Ақүрпек», №35 «Ертөстік», №36 «Бүлдіршін» бөбекжай-бақшаларында әдістемелік семинарлар өткізді. Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие ісінде аталмыш кафедраның профессор-оқытушылармен балабақша мамандарының ынытымақтастықта жасалынған ғылыми-әдістемелік жұмыстардың нәтижесі қорытындыланды.  Қазіргі кездегі мектеп жасына дейінгі баланы дамытуға бағытталған жұмыстардағы өзекті проблемалар мен стратегиялық жұмыс жоспарлары талқыланды. Семинар барысында балабақша меңгерушілері, әдіскерлер мен тәрбиешілер мынадай мәселелерге баса назар аударды, олар: біліктілікті арттыру, ғылыми-зерттеушілік құзіреттілікті жетілдіру, заттық-дамытушы орта, оқу-әдістемелік құралдар мен циклограмманы жасауда көптеген келелі ой-пікірлері білдіріп,  ұсыныстарын ортаға салды Баланың ұсақ және ірі моторикасын дамытуға бағытталған тәрбиешілердің авторлық инновациялық әдістемелік жұмыс түрлерімен таныстырылды. Сонымен қатар, жыл бойы ынтымақтастықта тығыз жұмыс жасауда біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілеті көрсете білген меңгеруші, әдіскерлер «Ұстаз» институтының директорының алғыс хатымен марапатталды.

 2

3

4

Top