Бүгінгі іс-шара барысын алғы сөзімен бастаған «Ұстаз» институты директоры э.ғ.к., доценті О.К.Джолдасова кәсіби бағдар беру жұмысының маңызын, оның мемлекет үшін алатын орнын және Финляндия мемлекетінің білім беру жүйесімен толық оқушыларға баяндап берді. Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы Е.Б.Дүйсенбеков «Мамандықтар атласы» туралы кеңінен түсіндіріп өтті. «Сөйлеу дыбысы бұзылған баламен жұмыс» тақырыбында логопедиялық жұмысты «Дефектология» мамандығының 4-курс студенті Қыдырқожа Әсем аса шеберлікпен көрсете білді. «Өзін-өзі тану – рухани-адамгершілік білім берудің ізгі жолы» тақырыбында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4-курс студенттері өз мамандық ерекшеліктерін сахналық қойылым арқылы көрсете білді. Сахналық қойылым идеясы мен сценариін жазған «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасы меңгерушісі п.ғ.к., доценті Г.Е.Санай.
Маркетинг және талапкерлерді рекруттеу бөлімі басшысы – қабылдау комиссиясының хатшысы М.К.Нурпеисов мектеп бітіруші түлектерге биылғы жылдың оқуға қабылдау туралы өзгерістерді, мемлекеттік грант және берілетін квоталарға байланысты кеңінен түсіндіріп, университет мамандықтарын таңдауға шақырды.
Оқу ғимараттардың материалдық-техникалық базасымен таныстыру барысында «Ұстаз» институтының барлық кафедралары өз орталықтары мен зертханаларын оқушыларға көрсетті. Сонымен қатар электронды ақпараттық кітапхана орталығы мен спортзалдары да көрсетілді.
Ашық есік күніне келген Байзақ ауданы, №4 лицейі, Тараз қаласынан №25, 42, 49 мектеп түлектері болды.
Алдағы уақыттарда кәсіби бағдар беру мақсатында ашық есік күндері мен қала, облыс аймағында да іс-шаралар жалғасын таппақ.