Кеше ғана мектеп табалдырығын тәмандап, біздің жоғары оқу орынына түсіп, оның ішінде (әлеуметтік педагог және өзін өзі-тану мен дефектолог- логопед) мамандығын таңдап мемлекеттік грант жеңіп алған студенттерге жоғары оқу орынының талаптарын және студенттердің ережелерін, дәріс өткізетін аудиторияларды, кітап ханаларды т.б видео ролик арқылы таныстырдық. Еліміздің өркендеуіне үлес қосатын болашақ мамандарымыздың жанарларынан жалын байқадық.
«Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасынң меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Санай Гаухар Ералықызы 1- курс студенттерін келіп жеткен жаңа оқу жылымен құттықтап, болашақ мамандарымызға сәттілік тіледі.Сондай –ақ қоғам талабына сай таңдалған мамандықтың қыр-сырын таныстырып, келешекте болашағы жарқын маман иелері болатындарына сенім артты.
Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар.
Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. «Армансыз адам- қанатсыз құспен тең» -дегендей кешегі мектеп бітірген тулектер, енді студент, болашақ маман! Кез келген адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді.
«Ұялмаған әнші болады; Ерінбеген етікші болады»,- деген халқымыздың даналық сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері бол. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажает ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Дамуында мүмкінігі шектеулі балаларды оқытып тәрбиелеуде біздің мамандықтың алатын орыны ерекше. Жыл сайын саны артып келе жатқан, әр түрлі деңгейдегі балаларға жылулық сыйлау, оқыту, тәрбиелеу, қоршаған ортаға бейімдеу, мейіріммен қарап қол үшін беру болып саналады!.
Осылайша бүгінгі мерекеміз өз мәресіне жетті! Құрметті әріптестер Сіздерді де жаңа оқу жылымен құттықтаймыз, жаңа басталған оқу жылы толағай табыстар әкелсін, жақсы жаңалықтарымыз көп болсын!
«Арнайы және әлеуметтік педагогика»
кафедрасының аға оқытушысы Орал Г.О