БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАР, БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР!

М.Х. Дулати атындағы Тараз  өңірлік университеті  «Ұстаз» институты, «Білім берудегі» менеджмент кафедрасның ұйымдастыруымен «Мен педагог мамандығын таңдаймын!»  аты  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА өткізіліп, үздік жас түлектер анықталды.

Педагогикалық олимпиаданың  мақсаты –  цифрлы Қазақстан жағдайында  үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында педагогикалық кадрлардың дайындық сапасын арттыру  мақсатында  педагог мамандығына талантты түлектерді тарту.

Мақсаты негңзге ала отырып түлектеріміздің арасынан «ЕҢ үздік» түлекті анықтау үшін жарыс бірнеше турдан тұрды. Атап  айтсақ:

  1. «ВИЗИТКА» «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН таңдаймын!» авторлық бейнеролик.
  2. «ЭРУДИТ» білімділер сайысы ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТУР.
  3. «Егер мен ПЕДАГОГ болсам ...»инновациялық авторлық жоба.

 «Білім берудегі менеджмент» кафедрасының     меңгерушісі, п.ғ.д., профессор К.Д.Бузаубаков өз сөзінде, ҚР Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда» –  деп атап көрсеткендей, бүгінгі қоғам сіздерден білім мен ғылымды игеру жолында үздіксіз ізденуді талап етіп отыр. Бүгінгі олимпиадада әрбір түлектің білім деңгейлері таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дей келе,  барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Республикалық олимпиадаға  қатысушылар еліміздің әр өңірінен қатысып өз бақтарын сынады.  Дегенмен, үлкен дода болғандықтан   «Ең үздік» жұмыстар таңдалып алғашқы тур «ВИЗИТКА» «МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН таңдаймын!» авторлық бейнеролик арнайы әлеуметтік желілерге түлектеріміздің жұмыстары жарияланып, көремендерге, тыңдаушыларымызға көзайм болды.

 Болашақ жастарымздың жанарындағы алауы, күш жігерлері,сенімділктері мен алғырлықтары тұла бойларынан көрініп тұрды. Әр турдан өткен жас түлектеріміздің   алғырлығы, креативтілігі, білімділіктері мен өздерне деген сенімділктері куә  болдық.

«ЭРУДИТ» білімділер сайысы  интеллектуалды турда түлектеріміз оқытылған пәндері бойынша  тест  тапсырып білімділіктеріне сәйкес бағаланды. Бұл турда мектеп оқушыларының теориялық білімдері бағаланды.

Қатысушылар бейіндік  пәндер бойынша тест сұрақтарына жауап берді. (Тест мектеп бағдарламасының екі бағыты бойынша  таңдаған пәндерінен сұрақтарды қамтыды: гуманитарлық және жаратылыстану циклдері).

«Егер мен ПЕДАГОГ  болсам ...»инновациялық авторлық жоба тур бойынша түлектеріміздің болашақ арамандары, жүрек жарды неттері, таза, әділ сенімдері  бізді тәнтті етті. Түлектеріміз болашақ  педагог ретінде,  қазіргі елімізде  болып жатқан  әлеуметтік жағдай, білім сапасы, еліміздің салуатты өмір сүру салты, ұлт тәрбиесі, мәдениеті, өнері т.б барлық жағдайлар қамтылып үлкен ой салды. Осындай еліміздің дара туған  жастарыннан  ер жүректілікті қайраттылықты көріп  қуандық. Себебі еліміздің болашағы жастарда!

 Жүзден-жүйрікті анықтау  оңай болмады, бірақ дода болғандықтан жеңісте,жеңілісте болады емеспе?! Әр тур бойынша  жинақталған  ұпай бойынша  түлектеріміз жүлделі орындары иеленді. Айтар болсақ:

Көктал орта мектебі КММ түлегі Сарсенов Саят, Тараз қаласы, Ш.Смаханмұлы атындағы 44 мектеп түлегі Тұрсынбай Арай, №14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектеп түлегі Лесбек Диана, Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназия түлегі Павлова Лиана ІІІ жүлделі орынға ие болды.

№10 Күреңбел орта мектебі түлегі Серікмахамбет Анеля, Көктал орта мектебі КММ түлегі Бейсен Инабат ІІ орынға жайғасты

Көктал орта мектебі КММ түлегі Жақсылық Қарақат өзінің таланты мен білімінің, жаңа идеяны жеткізу шеберлігі арқасында І орынды иеленді.

Білегі күшті бірді жығады,

Білімі күшті мыңды жығады. –демекші өзінің алғырлығымен жан-жақтылығымен,  сындарлы ойлауымен, сауаттылығымен, әртістік шеберлігімен ерекше көзге түскен Тараз қаласы, Ш.Смаханмұлы атындағы 44 мектеп түлегі Шаяхмет Асел бас жүлдені жеңіп алып «БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫ – «DULATY 2021» грантына үміткер деп танылды. 

«МЕН ПЕДАГОГ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАЙМЫН!»  атты Республикалық  педагогикалық олимпиадасына   онлайн қатысқан барлық түлектер арнайы  СЕРТИФИКАТПЕН марапаталды. Ал топ жарып, үздік шыққан алғашқы ондыққа ілікккен қатысушылар  арнайы  ДИПЛОММЕН  марапаталды.

Білімді жастар - еліміздің болашағы. Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар. Білімді ұрпақ – еліміздің  болашағы,  ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып,ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ,елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, сол жастардың сапалы білім алып,тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық.

Сәттілік Сізге, жас түлек!

 

«Білім берудегі менеджмент»

кафедрасының оқытушысы:  Орал.Г.О

Top