«ҚАЗАҚТЫҢ АЯУЛЫ ҚЫЗДАРЫ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫҚ ДӘРІСІ ӨТТІ

2021 жылы 4 наурыз күні «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Қашқынбаева Зағира Қожабергенқызы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарының студенттеріне арналған «Қазақтың аяулы қыздары» атты тағылымдық дәрісін өтті.

Дәріске студенттер, оқытушылар және Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өкілдері қатысты. Дәріс барысында қазақ халқының батыр, ер жүрек, ақын, жазушы, сазгер, ғалым қыздарының ел игілігі үшін атқарған, тарих бетінде қалған еңбектері мен өмір жолдары туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар,  жерлесіміз, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ақын, сазгер, жазушы, ғалым-ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі Айымгүл Меңжанованың өмірбаяны мен еңбектері жайында студенттерге жан-жақты мәлімет беріліп, өлең жолдары мен әндері айтылды. Ақын Айша Көпжасарқызы Меңжанованың 80 жылдық мерейтойына арналып жыр шумақтары ақтарылды.

WhatsApp Image 2021 03 05 at 12.31.20

Top