ІЗГІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ-ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев мұқтаж жандарға көмек көрсету және қайырымдылық іс-шаралары халқымыздың игі дәстүрі екенін атап өткен. Шын мәнінде қайырымдылық қорларының жандануы біздің кафедрамыз сияқты еріктілерге тікелей байланысты.

«Ұстаз» институтының «Көркем графика және дизайн» кафедрасының студенттерінің практикалық сабақ кезіндегі орындаған шығармашылық жұмыстарын «Қызыл Ай» қоғамдық ұйымының қайырылымдық қорына табысталды. Шығармашылық жұмыстар экологиялық таза, табиғи заттардан студенттің қиялынан туындаған ойыншықтар, қуыршақтар, гобилендер және тағы басқа да 30- ға жуық белдемше тігіп апарып бердік.

Жалпы «Қызыл Ай» қоғамдық ұйымы от пен судың ортасында жүретінін бәріміз білеміз, сондай-ақ, ол қоғамдық ұйымның балаларға айрықша қамқорлық жасайтыны белгілі. Осыған орай «Көркем графика және дизайн» кафедрасының студенттерінің 60 тан астам қол өнер шығармашылық жұмыстары табысталды.

«Қызыл Ай» қоғамдық ұйымының басшылығы М.Х. Дулати атындағы өңірлік университет басшылығына және «Ұстаз» институтының директоры О.К. Жолдасоваға алғысын білдіруде.КУКЛx

 

Медиа-қызмет

Top