Сайттың жаңа нұсқасы

Ұлы Женістің 80 жылдығына арналған "Женщина и война" атты театрландырылған кеш ұйымдастырылды

Жастардың патриоттық сезімін ояту, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамыту. Соғыс кезінде мойнына түскен ауыртпалықты көтере біліп, бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен кайсар аналардың өжеттігін паш ету.

Толығырақ

«Адамдық қасиет: балалық шақтағы мейірім,қиын кезеңдегі қайсарлықтың бірлігі» атты композициялық кеш

«Адамдық қасиет: балалық шақтағы мейірім, қиын кезеңдегі қайсарлықтың бірлігі» атты композициялық кешіміз — адам жанының тереңдігін өнер тілімен жеткізуге арналған. Сонымен бірге, бүкіл қазақ руханиятының шамшырағы – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына да арналмақ. Ұлы ақынның артында қалған қара сөздері, өлеңдері, қара өлеңдері – адамдық пен ардың жолын насихаттайтын өлмес мұра.

Толығырақ

Адамзаттың - Айтматовы атты шығармашылық кеш

Кеште Ш. Айтматовтың Жер Ана символикалық драмасынан, Боранды бекет, Жәмилә шығармаларынан үзінді қойылды.

Толығырақ

3 желтоқсан күні Дулати жастары театры көптен күткен “Әлия” тарихи драмасының премьерасын сахналады.

Бұл қойылым – ерлік пен рухтың, батырлық пен нәзіктіктің тоғысқан ерекше туындысы. Әлия Молдағұлованың өмір жолы, оның қайтпас қайсарлығы мен отанға деген махаббаты көрерменнің жүрегіне жетті.

Толығырақ

«ШУАҒЫН ШАШҚАН ШЫРЫН» АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

Меркі ауданының құрметті азаматы, «Қазақстанның құрметті жазушысы», «Құрмет» орденінің иегері, ақын Шырын Мамасерікованың өмірі мен шығармашылық жолына арналған «Шуағын шашқан Шырын» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Толығырақ

«Өнер уақыты» телевизиялық бағдарлама

«Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері «Өнер тарихы» пәні бойынша екінші аралық бақылауды тапсырып, өздерінің теориялық білімдері мен шығармашылық талдау дағдыларын көрсетті.

Толығырақ

Бір үйдің баласындай 08/25

Жоғары курстар мен 1 курс студенттері арасындағы байланыс пен достықты нығайту, шығармашылық қарым-қатынасты арттыру, студенттерді бірлікке, ұйымдастырушылыққа және мәдени ортада өз қабілеттерін көрсетуге ынталандыру.

Толығырақ

Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Құстар қайтып барады» лекция-концерті

Қазақ музыкасының маңдайалды композиторы, дирижер, домбырашы, Қазақстанның Халық қаһарманы, Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Мәдениет және өнер» кафедрасында «Құстар қайтып барады»  лекция-концерті өтті. Бұл іс-шара студенттер арасында композитордың шығармаларын насихаттау, қазақ музыка өнеріне деген құрмет сезімін ояту мақсатында өткізілді.

Толығырақ

Әншілердің 1-ші бақылаулық нәтижелері

Әншілердің 1-ші бақылаулық нәтижелерінен суреттер легі.

Толығырақ

Оқытушыдан – өнер, студентке – шабыт!

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен «Оқытушыдан – өнер, студентке – шабыт!» атты шығармашылық концерт өтті. Бұл мәдени шараның мақсаты – оқу орнының профессор-оқытушылар қауымының өнерге деген сүйіспеншілігін танытып, студенттермен рухани байланысты арттыру, білім ордасының шығармашылық әлеуетін кеңінен көрсету болды.

Толығырақ

ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ: «ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ»

14 қараша 2025 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірлесуімен «Қозғалыстағы практикалық философия» атты ғылыми семинар онлайн форматта өтті.

Толығырақ

«Музыкалық театрдың ашылуы» тақырыбында тәжірибелік сабақ өтті

Сабақтың мақсаты — студенттерге музыкалық театр ұғымын түсіндіру, қазақ музыкалық театрының қалыптасу тарихымен таныстыру, театр жанрлары мен олардың ерекшеліктерін талдау, сондай-ақ болашақ мәдени-тынығу қызметінің ұйымдастырушылары ретінде театрлық өнер элементтерін тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Толығырақ

Ұстаз-ұлы тұлға

Тәрбие және жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен концерт өтті. Іс-шараның мақсаты – жаңа студенттерді университет өмірімен таныстыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Концерт барысында студенттер ән айтып, би билеп, түрлі көркем өнер нөмірлерін көрсетті. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Толығырақ

Дариға Туранкуловамен кездесу кеші өтті

Іс-шара барысында қатысушылар Дариға Туранкулованың өмір жолы мен шығармашылығына қатысты тың мәліметтер алды. Кездесу ашық сұхбат түрінде өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Кеш мазмұнды әрі әсерлі өтті.

Толығырақ

«АКТЕРЛІК ШЕБЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРБЫНДА МАСТЕР-КЛАСС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Өнертану ғылымының кандидаты Кулбаев Аман Бекенұлы Актерлік өнердің негізгі қағидаларымен таныстырды, студенттерді сахна өнерінің негіздерімен актердің эмоция, дауыс, қимыл және серіктеспен жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталған шығармашылық мастер класс өткізілді.

Толығырақ

Лаборотория-АКК-75 өнер лабороториялық ашылды

М Х Дулати атындағы Тараз университенде Мәдениет және өнер кафедрасында, кафедраның меңгерушісі Айгүл Қабиқызының қолдауымен аға оқытушы Айтибаев Қажыбайдың идеясымен Лаборотория-АКК-75 өнер лабороториялық ашылды .

Толығырақ

ТАРАЗ ТӨРІНДЕ АСҚАРБЕК СЕЙІЛХАННЫҢ “ШЕР-АҒА ШЕКПЕНІНЕН ШЫҚПАСАМ ДА…” БЕНЕФИСІ МЕН КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ардагер журналист, мәдениет майталманы Асқарбек Ақылшаұлы Сейілхан мерейлі 75 жасқа толды. Аталмыш мерейлі күнге орайластырып өзінің «ШЕР АҒАНЫҢ ШЕКПЕНІНЕН ШЫҚПАСАМ ДА...» атты кітабын жарыққа шығарды.

Толығырақ

"Құстар фестивалі" қойылымы өтті

Құстар арқылы қоғамдағы мәселелерді жеткізу, жемқорлықтың соңы неге соғарының айғағы.Авторы: Д.Исабеков.

Толығырақ
Top