


«Адамдық қасиет: балалық шақтағы мейірім, қиын кезеңдегі қайсарлықтың бірлігі» атты композициялық кешіміз — адам жанының тереңдігін өнер тілімен жеткізуге арналған. Сонымен бірге, бүкіл қазақ руханиятының шамшырағы – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына да арналмақ. Ұлы ақынның артында қалған қара сөздері, өлеңдері, қара өлеңдері – адамдық пен ардың жолын насихаттайтын өлмес мұра.


