Кешке Кенен Әзірбаев атындағы Облыстық филармонияның әншілері, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Оңал Азаматова, Қайсар Көкішов, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» , журналист Есет Досалы және студенттер қатысты.
Кештің мақсаты – жас буынға ақынның өмірлік ұстанымын, шығармашылық мұрасын және тұлғалық қасиеттерін таныстырып, тәрбиелік мәнін жеткізу.
Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, шығармашылық жолының негізгі кезеңдері баяндалды. Өнерпаздар тарапынан музыкалық нөмірлер орындалып, жас буын ақынның рухани мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Кеш жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға адамгершілік пен өнердің құндылығын дәріптейтін әсерлі мазмұн сыйлады. Қонақтар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, жылы лебіздерін жеткізді.



