Дулати университет мұражайында Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті бірнеше жыл қатарынан «Рухани КZ» танымдық керуенін ұйымдастырып келеді.

Керуеннің басты мақсаты – ұлттық тарихи сананы қалыптастыру, көпшілікке тарихи тұлғалардың өмірін, еңбектерін және тарихи мұраларын таныстыру, жастарды Отансуйгіштік, елге деген сүйіспеншілікпен құрмет сезімін ояту, сондай-ақ салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.

музей6051111

Аталған керуенге жыл бойына ең үздік, спортта, шығармашылықта жақсы нәтиже көрсеткен үздік студенттер келіп , М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіміз Жамбыл облысымыздағы білім ошағы ғана емес үлкен мәдени орталық екендігінің дәлелі ретінде-университет тарихынан сыр шертетін мұражай ішін аралап, экскурсия жасалынды.

Бүгінгі таңда мұражай мәдени институт мәртебесіне ие болып, халықтың білім деңгейін артып, оларға эстетикалық тәрбие берудегі басты факторының біріне айналған. Музейге қарап, оның Тараз өңіріндегі халықтың тыныс- тіршілігінен толықтай мәлімет алып, қыр-сырын тануға болатынын, біздің болашақ жастарымыздың өркениеттілігінің белгісі екендігіне көз жеткізулері де дәлелі.

музей6052222

 

Top