30.10.2023 ж.Д.Қонаев университетінің ректоры Өмірәлі Жалаири және Дулати университетіміздің Басқарма төрағасы – ректор М.Байжұманов музей ішін аралап қонақ болған сәтінен фотосуреттер.

30.10.2023ж. Д.Қонаев университетінің ректоры Өмірәлі Жалаири және Дулати университетіміздің Басқарма төрағасы – ректор М.Байжұманов музей ішін аралап қонақ болған сәтінен фотосуреттер.

Толығырақ

2023-2024 ж. 1 курс студенттері музей ішіндегі экскурсия тамашалауынан көрініс.

Қазақстанда бұл жоба Дулати университетінің ғалымдарының бастамасымен Шотландиядағы Стирлинг британдық университеті арасындағы келісім-шарт негізінде жүзеге асыралған. Осы ретте Британдық ғалымдар Изабель Джонс және Крис Литтлбой Дулати университетіне келіп, музей ішін тамашалады.. Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімованың қабылдауында болып, университет ғалымдарымен кездесті.  Кездесу барысында алдағы 1 айлық экскурсия мәселесі талқыланды. Ғалымдардың айтуынша, алдағы күндері британдық ғалымдар Шардара елді-мекенінен бастап Арал теңізіне дейінгі аралықтағы су жетіспеушілігі мәселесімен танысады.

Толығырақ

Университетіміздегі 07.10.2023 ж.күнгі болып өткен «Менделеев сыныбы» жобасының презентациясына Шымкент қаласының М.Әуезов атындағы университетінен келген қонақтардың музейге экскурсия жасау сәтінен көрініс.

Толығырақ

2023 ж.  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №1 «Өркен» арнайы мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп оқушылары университет музейін тамашалады.

Толығырақ

Ақын, ғұлама ғалым – 1020 жылы Баласағұн қаласында туылған – Жүсіп Хас Хажип Баласағұниға арналған. Қайтыс болған жылы белгісіз,  Баласағұнидің біздің заманымызға дейін жеткен ең ірі туындысы -1069 жылы көне түркі тілінде жазылған «Құдатғу білік» («Құт әкелетін білім») поэмасы. Бізге поэманың үш нұсқасы жеткен: Вена, Мысыр, (Каир), Наманған (Ферғана). Осы нұсқаларды шығыстанушылар көп зерттеген және бұл еңбектердің құндылығын бәрі бір ауыздан мақұлданған. Бұрын қысқартылып орыс тіліне, кейін кең көлемде өзбек тіліне аударылған болса, 1986 жылы көне түркі тілінен қазақ тіліне ақын, ғалым Асқар Егеубаев аударып, алғыс сөзі мен түсініктерін жазды. Түрік, Қазақ тіліне аударылған құнды еңбек музейдің төрінен орын тапты.

Толығырақ

28.09.2023 ж.  өткізуші «Қолжазбалар және сирек  кітаптар ұлттық орталығынан  Есепке алу, сақтау, көрме және оқу залдарының жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы  А.Баймағанбетова және  қабылдаушы «Баласағұни» музейінің меңгерушісі А.Калабаева  арасында жасалды. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы «Баласағұни» музейіне  төмендегі кітапты сыйға тарту етіп, кітап

«Баласағұни» музейінің төрінен орын алды.

Толығырақ

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Н.Сарыбеков өзінің 1981-1984 жылдары Мәскеу қаласындағы асперантура оқығанда бүкіл жұмыстарын осы машинкамен басып қорғап шыққандағы машинкасын университет музейінің қорын молайту мақсатында тарту етті.

Толығырақ

СТУДЕНТТЕРГЕ ЭКСКУРСИЯ ЖУРГІЗІЛДІ

БОКС БАПКЕРІ НҰРЛАН АҚҮРПЕКОВ ЖӘНЕ БАҚТИЯР ҒАРИФОЛЛАҰЛЫ АРТАЕВ ӨЗДЕРІНІҢ ЖЕКЕ БОКС ҚОЛҒАБТАРЫН МУЗЕЙГЕ ТАБЫСТАДЫ

Биылғы жылымыздың басы біздің М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік  университет музейі үшін үлкен қуанышты жылдың бірі болды.  Университетімізге М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университет түлегіміз  2021 жылдың  қаңтар айының  бесінші жұлдызында бокс бапкері Нұрлан Ақүрпеков  және Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев – боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері  өзінің жеке бокс қолғабын музейімізге қалдырып, онда  қолтаңбасын жазып кетті.

Толығырақ

ОНЛАЙН ФОРМАТЫНДА ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университет музейін студенттерге кеңінен таныту барысында танымал тұлғалармен онлайн-трансляция жүргізу, виртуалды экскурсияларды, онлайн-көрмелер және тағы да басқа  онлайн форматында өтетін іс-шараларын ұйымдастыру жұмысын атқару.

Толығырақ

СТУДЕНТТЕРГЕ ЭКСКУРСИЯ ЖУРГІЗІЛДІ

Университет музейіндегі 2020-2021 оқу жылының жыл сайынғы жоспарлы жұмыстарының өңірде карантиндік шектеулер енгізілуіне байланысты музей ішіндегі түрлі санитарлық тәртіптерді сақтаудағы жұмыстарын жүйелі жүргізу есебінде 1 курс студенттеріне музейге экскурсия жургізілу сәттері.

Толығырақ
Top