Қазақстанда бұл жоба Дулати университетінің ғалымдарының бастамасымен Шотландиядағы Стирлинг британдық университеті арасындағы келісім-шарт негізінде жүзеге асыралған. Осы ретте Британдық ғалымдар Изабель Джонс және Крис Литтлбой Дулати университетіне келіп, музей ішін тамашалады.. Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімованың қабылдауында болып, университет ғалымдарымен кездесті.  Кездесу барысында алдағы 1 айлық экскурсия мәселесі талқыланды. Ғалымдардың айтуынша, алдағы күндері британдық ғалымдар Шардара елді-мекенінен бастап Арал теңізіне дейінгі аралықтағы су жетіспеушілігі мәселесімен танысады.

 4

Top