
Super User
Техникалық қарау
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығының талаптарына сай және Тараз гарнизоны бастығының бекітілген кестесі бойынша 2020 жылдың 10 мен 11 маусым аралығында Тараз гарнизоны әскери полиция бөлімінің қызметкерлерімен М.Х. Дулати атындағы мемлекеттік университетінің әскери кафедрасында механикалық транспорт құралдары мен тіркемелеріне техникалық қарау өткізілді.
Тексеру барысында механикалық транспорт құралдары мен тіркемелерінің ақаулары анықталған жоқ. М.Х. Дулати атындағы мемлекеттік университетінің әскери кафедрасындағы ұсынылған техникалар техникалық қараудан өтті.
Құттықтау
Құттықтау
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай әскери кафедра басқарушысы полковник С.А. Мұқышев Ұлы Отан соғысының ардагері Хайрулин Миникасым Сангатуловичтің жұбайын осы айтулы мерекемен құттықтады.
Әскери кафедра ұжымы ол кісіге азық-түлік себетін табыс етіп, мықты денсаулық, амандық және ұзақ өмір тіледі.
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
2020 жылдың 25 мен 29 мамыр аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының цикл бастығы запастағы подполковник Д. Калилаев, М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті жанындағы басқару, қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар Академиясында «Әскери жоғары мектепте педагогикалық жұмысты ұйымдастыру» бағыты бойынша біліктілігін арттыру курсының бағдарламасын өтті.
ПОВЫШЕНИЕ КВАЛИФИКАЦИИ
В период с 25 по 29 мая 2020 года на базе Академии управления безопасности и специальных программ при Университете КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева успешно прошел курсы повышения квалификации профессорско-преподавательского состава военных кафедр по направлению «Организация педагогической деятельности в военной высшей школе», начальник цикла военной кафедры Таразского государственного университета имени М.Х. Дулати подполковник запаса Д. Калилаев.
ӘЛ-ФАРАБИ – ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ, ФИЛОСОФ
Осы жылы біршама тарихи даталар аталып өтуде. Сондай айтулы күннің бірі әйгілі философ әл-Фарабидің 1150 жылдығы. Ғұлама ғалымның өмірімен танысып, еңбектерін насихаттау мақсатында «Химия және химиялық технология» кафедрасының 3-курс студенттері жуырда факультет деңгейінде үлкен іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
Ғұлама-ғалым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген саласы жоқ деуге болады. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл тұлға. Ол философия, логика, математика, тіл білімі, әдебиет теориясы, т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп еңбек жазған.
Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. Ол рухани бастауларды жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қанағаттанудан, бақыттан іздестірді.
Әл-Фараби – ғылым мен өнердің барлық саласында еңбек еткен ғұлама. 150-ден астам ғылыми еңбек жазған, сонымен қатар ол әр түрлі аспаптарда тамаша орындаушы, ақын болған. Ұлы ғұлама ұзақ уақыт шет елде жүрсе де өзінің туған жері Отырарды есінен шығармаған. Кей аңыздарда оны жетпіс жеті тіл білген деп айтады.
Әл-Фарабидің ғылым саласында жазған еңбегінің қолжазбасы Өзбекстан Республикасы Шығыстану институтының қолжазба қорында сақталған. Оның «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар тізбегі» атты еңбектерінде табиғаттану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Географиялық құбылыстарды математикалық жолмен түсіндіріп, күн сағатын жасаған. Күн мен Айдың тұтылу ұзақтығын есептеп шығарған. Ерте кезден қазақ елі Жетіқарақшы, Темірқазық, Үркер атты жұлдыздар тобын «түн сағаты» ретінде пайдаланса, күндізгі уақытты «күн сағаты» арқылы айыратын болған. Дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын, ұлы тұлға әл-Фарабидің еңбектерінің қысқаша мазмұндарымен жастарға таныстырып өту біздің басты міндетіміз.
Д.А. Кулбаева,
«Химия және химиялық технология»
кафедрасының аға оқытушысы
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БРИФИНГ ӨТТІ
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Білім саласындағы адалдылық пен парасаттылық туралы» тақырыбында баспасөз конференциясысы өтті. Конференция онлайн форматта өтті. Конференция спикері жамбыл облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары Равил Төлебаев.