
Super User
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАНЫМАЛДЫЛЫҚ ЖӘНЕ РЕЙТИНГ СЕКТОРЫ
|
СӘМЕНҚЫЗЫ ҰЛПАН Жетекші
8 707 106 70 78 |
|
ШЫМБЕКОВА НАҒИМА Маман
8 707 458 66 03 |
|
КОПБОСЫНОВА ДИАНА Маман
8 707 458 66 03 |
"УНИВЕРСИТЕТ ТЫНЫСЫ" ГАЗЕТІ
|
ӘБСӘТ ГҮЛБАҚЫТ Редактор 8 707 559 66 18 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
|
САЙЛАУХАН МЕРУЕРТ
тілші
8 747 915 04 36 |
|
АКИШЕВА ГҮЛНАЗ
Дизайнер
8 702 404 90 10 |
МЕДИА-ҚЫЗМЕТ
|
БАТЫРБЕК БАҒЛАН Баспасөз-хатшысы 43-15-32 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
|
|
ҚАЛАҚБАСОВА ЛЯЗЗАТ
тілші
8 707 492 2815 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
|
МАКАРОВА ОЛЬГА тілші
8 777 168 82 88 oly19762110@mail.ru |
|
САТОВ БЕЙБІТ web-дизайнер
8 702 633 18 98 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
Студенттердің оқу жиынының басталуы
2020 жылдың 20 шілдесінде әскери кафедрада оқитын студенттер үшін оқу жиыны басталды. Коронавирус пандемиясына байланысты оқу жиынының теориялық бөлігі қашықтықтан, ал практикалық бөлімі (оқу атыстары, көлік жүргізу) оқу полигонында және әскери бөлімдерде жүргізілетін болады.
Оқытушылар онлайн-режимде қауіпсіздік шаралары мен сабақтарды өткізу тәртібі бойынша сабақтар өткізді.
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА
28-маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні. Осыған орай сала қызметкерлері мен белсенді студенттерді құттықтау мақсатында арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Алғы сөзбен жиынды ашқан Ақпарат және медиакоммуникация орталығының директоры Гүлмира Амалбекова орталықтың атқарған жұмыстарына тоқталды. Орталық құрамындағы медиа-қызмет, Халықаралық танымалдылық және рейтинг секторы, «Университет тынысы» газеті мен студенттік телестудияның жемісті еңбегі мен жетістіктерін айтып берді.
Келесі сөз кезегін алған университет ректоры Махметғали Нұрғалиұлы орталық қызметкерлері мен болашақ журналистерді мерекелерімен құттықтап, сала мамандарын Құрмет грамоталарымен марапаттады. Сондай-ақ, Студенттік телестудия «Үздік репортаж», «Үздік сұхбат» және «Үздік ақпарат» номинациялары бойынша байқау жариялаған болатын. Мерекелік кездесуде жеңімпаздар, жыл бойы белсенділік танытып, студия жұмысына атсалысқан студенттер және Жастар комитетінің белсенділері бір айлық шәкірақымен марапатталды.
Құттықтау мен қолпаштау, толғаныс пен толқу болған кездесудің келесі сәті жыр жинақтың тұсаукесеріне арналды. Талапты әрі талантты жастарды қолдап, қанаттандыру мақсатында жас ақындардың «Жас жүрек жырлайды» жыр жинағы жарық көрген болатын. Жинаққа Журналистика және Филология мамандығы бойынша оқитын студенттердің өлеңдері енген. Іс-шарада Гүлмира Ержанқызы барша студент атынан аталмыш жинақты Махметғали Нұрғалиұлына тарту етті.
Мерекелік кездесу соғында жас ақындар өлеңдерін оқыды.
Медиа-қызмет
КІЛ МЫҚТЫЛАР КЕЗДЕСТІ
Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті қабырғасында облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының өңір спортшыларымен кездесуі өтті.
Жиынға ел спортын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген спортшылар, спорт саласының қызметкерлері қатысты. Сала мамандары бас қосқан кездесуде өңір спортының жетістіктері айтылып, жеңіс жолын жалғастыру жайы да сөз болды.
Кіл мықтылар бас қосқан жиында сөз бастаған өңір басшысы Бердібек Мәшбекұлы спорттың маңыздылығы туралы сөз қозғады: – Еліміздің атын әлемге танытуда спорттың үлесі зор. Киелі Әулие-ата жерінен шыққан спортшыларымыз аз емес. Олимпиада чемпиондары бастаған жолды жаңа толқын жалғастырып келеді. Бұл ең алдымен еңбек пен бапкерлердің арқасы,- деді. Өңір басшысы өз сөзін спортты дамыту мақсатында жасалып жатқан жұмыстармен сабақтады: – Бүгінгі күні облысымызда спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 32 % құрайды. Бұл көрсеткішті әлі де көтеру керек. Спорттық нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайтуда нақты жұмыстар атқаруымыз керек. 13 нысан мен 90-ға жуық спорт алаңдары салынып жатыр. Мұз айдынын, теннис кортын салу жоспарда бар. Аудан орталықтарында жабық спорт кешендері болу керек. Сонда ғана, спортпен айналысатын бұқараның саны артады,- деп алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, Олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровтің жеңіс туын желбіреткеніне биыл 40 жыл толып отыр. Осыған орай қыркүйек айында турнир өткізу туралы ойын да ортаға салды.
Жиында Жақсылық Үшкемпіров, Зульфия Габидулина, Бейбіт Ыстыбаев, Бақтияр Артаев, Елдос Сметов сөз алып, кездесуді ұйымдастырған әкімге алғыс білдірді. Спортшылар орайлы сәтті пайдаланып шешімін таппаған мәселелерін де ортаға салып, талап-тілектерін білдірді.
Жастардың спортқа қызығушылығы мектеп қабырғасынан басталып, жоғары оқу орнында жалғасын табатыны шындық. Өңірдегі іргелі оқу орны Тараз өңірлік университеті спорт саңлақтарын тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Өз кезегінде университет ректоры Махметғали Нұрғалиұлы университетте студенттік спортты дамыту туралы ой қозғады. Облысымыздың атын әлемге әйгілі етіп жүрген спортшылардың 70 % университетіміздің түлегі екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ректор өз сөзінде спортшыларды қолдауда, спортты дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Кездесу соңыңда Бердібек Мәшбекұлы университеттің спортшы студенттерді қолдауда атқарып жатқан жұмыстарына жоғары баға берді. Сондай-ақ, кездесу барысында спортшылардың айтқан ұсыныстары қарастырылатынын жеткізді.
Медиа-қызмет
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ОЙ САНАНЫҢ КЕМЕЛДЕНУІ»
Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан зерделі де, зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн.
Аймағымыздағы келер ұрпақтың алдындағы ардың ісін арқалап жүрген зиялы қауым «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын ықыласпен түйсіне оқығаны анық. Олай дейтінім, мақалада «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мәңгілік болары хақ.
Жыл басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталды деп жарияланды. Қайта жаңғырудың екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алып жатырмыз. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін әрқайсымыздың санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс, делінген мақалада. Шындығында ұлттық рухы, руханияты жоғары, мәдениеті озық ел көп нәрсеге қол жеткізетіні анық. Және ұлттық бірегейлікті сақтау ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін қажет етеді. Елбасы ұлттық мәдениетті сақтай отырып жаңғыру және ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту қажет екенін қазақстандықтардың түсіне білуі керек екендігін баса айтады. Мақаладағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алу ұсынысы жас ұрпақты тәрбиелеуге дәл және уақытында айтылған нақты тапсырма деп білемін. Әрбір адамның жүрегінде кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына, туған жеріне деген сүйіспеншілік, құрмет болмайынша – Отан деген Ұлы ұғымға адал қызмет ету, жан дүниесімен беріле сүю екіталай.
Бұл – тектен тек айтыла салынған жүрек қалауы емес, бүгінгі өркениетті, озық технологиялы, жаһандық ықпалдасудан, керек десеңіз, түрлі қауіп-қатерден қорғану жолы. Осы орайда ұлтымыздың белгілі ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Қасыңнан да, досыңнан да бірдей сақтан», – деген сөзі ойға оралады. Сақтанудың басы – өзіңе қатысты рухани құндылығыңды түгендеп, кейінгіге мұра етіп қалдыру.
Әр халық ел болып ғұмыр кешуі үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарын сіңіріп, рухани болмысымен өмір сүруге баулиды. Елбасының осы мақалада көтерген тағы бір маңызды, өзекті мәселесі – туған жерге деген махаббат.
Президентіміз: «…Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – деп атап өтті.
Расында, өзінің туған жерінің, туған өлкесінің көркеюіне үлес қоса білген азамат бүкіл елдің игілігі үшін қызмет ете алады. Міне, патриотизм дегеніміз туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады.
Демек, қоғамға пайдалы болғаның – жақсы мұсылман болғаның. Алла Елшісінің тағы бір хадисінде: «Отанын күзеткен шекарашының көзі ақыретте күймейді», – деген. Туған жерді қорғау, туған еліңе қызмет ету білімнің көптігінен емес, елдік санаға, туған еліңе деген махаббатқа байланысты екен. Алаш арысы Әлихан Бөкейхан: «Халыққа қызмет ету – білімнен емес мінезден», деп бекер айтпаса керек. Осынау парасатты пікір Абайда да бар: «Атаның баласы болма, адамның баласы бол». Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа алмасып отырған «елдік сана» желісі. Елбасының мақаласында айтылған осынау асыл құндылықтар санамызда жаңғыртып, жан-дүниемізді тағы бір серпілтті. Сонымен қатар, «Туған жер» бағдарламасы еліміздегі жомарт жандардың өзінің туған еліне шарапатын тигізіп, қайырымдылық іс-шараларға үлкен үлесін тигізуге ықпал етеді деген сенімдеміз.
Бұл жөнінде Түркістан өңірінде рухани-мәдени саланың дамуына ерекше жағдай жасалынып келе жатқанын атап айтқым келеді. Рухани мол мұраға бай өлке ретінде тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес құрылып, рухани мұраларымыз зерттелуде.
Аймағымызда халықаралық ақындар айтысы, классикалық әндер, дәстүрлі орындаушылардың республикалық фестивальдары өткізілді.
Жалғасын табатын жарқын істердің жүзеге асуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл басындағы халыққа Жолдауында айтылған Қазақстанның үшінші жаңғыруы бағдарламаларымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бағыт-бағдар болатыны сөзсіз. Түркістан елінің зиялы қауым өкілдері, білім алушылар рухани жаңғырудың, озық ой-сананың, ұлттық рух пен патриотизмді насихаттайтын жарқын істердің көшбасында жүреді деп сенемін.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Бақыт Жанасбаева