Super User
КОРПОРАТИВНОЕ УПРАВЛЕНИЕ

КАСЫМБЕКОВ БАКТЫБАЙ АШИМБЕКОВИЧ
Председатель Совета директоров
Доктор технических наук, Профессор, Академик

Председатель Правления - Ректор, Член совета директоров

ШУЛЕНБАЕВ ЖАНБОЛАТ ЖЫЛКЫБАЕВИЧ
Корпоративный секретарь Совета директоров Унверситет Дулати
магистр юридических наук
Телефон: 8-7262-457978, 8-777-507-87-00
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Направление деятельности
Должность Корпоративного секретаря вводится в целях обеспечения соблюдения органами и должностными лицами Общества правил и процедур корпоративного управления, гарантирующих реализацию прав и интересов Единственного акционера Общества.
Корпоративный секретарь – работник Общества, не являющийся членом Совета директоров, либо Правления Общества, назначается Советом директоров Общества. В своей деятельности Корпоративный секретарь подотчетен и подчинен Совету директоров.
Корпоративный секретарь обеспечивает соблюдение органами и должностными лицами Общества процедур, направленных на обеспечение прав и интересов Единственного акционера, а также следования Общества положениям в сфере корпоративного управления, Устава и другим внутренним документам Общества.
На Корпоративного секретаря возложена обязанность по подготовке и проведению заседаний Совета в Общества, обеспечению формирования материалов по вопросам, которые выносятся на рассмотрение Совета директоров и Единственного акционера, ведению контроля за обеспечением доступа к данным материалам.
Деятельность Корпоративного секретаря осуществляется в соответствии с нормами законодательства Республики Казахстан, Уставом Общества, иными внутренними документами Общества и решениями Совета директоров, а также Единственного акционера.
ОЙ ЖАРЫСЫНАН СЫНҒА ТҮСТІ
Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан Дулати университетінің 1-курс студенттері арасында жекелей онлайн жарыс өтті. Жарысқа 14 студент қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, нәтижесінде 1-орынды Гулдерай Кенгесбаева (ТФ), 2-орынды Мұрат Орман (ФИТАТ), 3-орынды Әсет Тәкен (ГӘҒФ) иеленді.
Жарыс нәтижесінде жастарымыздың ұлттық ойындарға деген қызығушылығы барын байқадық. Бұл өте қуантарлық жағдай. Студенттер тарапынан алдағы уақыттарда осындай жарыстарды көбірек ұйымдастыру керектігі айтылды.

Жанар Қамысбаева, «Дене тәрбиесі»
кафедрасы аға оқытушысы
ОЙ ЖАРЫСЫНАН СЫНҒА ТҮСТІ
Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан Дулати университетінің 1-курс студенттері арасында жекелей онлайн жарыс өтті. Жарысқа 14 студент қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, нәтижесінде 1-орынды Гулдерай Кенгесбаева (ТФ), 2-орынды Мұрат Орман (ФИТАТ), 3-орынды Әсет Тәкен (ГӘҒФ) иеленді.
ERASMUS DAYS – 2020
16 октября 2020 года в Таразском региональном университете имени М.Х. Дулати в традиционно ежегодном формате был проведен Международный День #ErasmusDays2020.
Целями и задачами мероприятия было обмен опытом между командами проектов LMPI, SUSDEV и REILEAP. А также информирование заинтересованных лиц и популяризация результатов проекта Эрасмус+.
В ходе мероприятия были показаны достигнутые цели и результаты проектов в виде презентации и видео.

РАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ РАБОТА В СТУДЕНЧЕСКИХ ОБЩЕЖИТИЯХ
В соответствии с постановлением Главного государственного санитарного врача РК от 5 сентября 2020 года №51 «О проведении санитарно-профилактических, санитарно-противоэпидемических мероприятий по гриппу и острой респираторной вирусной инфекции (ОРВИ) в эпидсезоне 2020-2021 года» 16 октября 2020 года была проведена вакцинация против гриппа студентам проживающих в студенческих общежитиях Таразского регионального университета им. М.Х. Дулати.
Студенты были проинструктированы об эффективности вакцины и мерах по предотвращению коронавирусной инфекции.
А также проведена разъяснительная работа по оказанию первой медицинской помощи.
ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫ АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДЕРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2020-2021 жылғы эпидмаусымда тұмау және жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» 2020 жылғы 5 қыркүйектегі №51 қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 16 қазан күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Студенттік жатақханаларына орналасқан студенттерге тұмауға қарсы вакцина салынды.
Студенттерге вакцинаның тиімділігі және Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жайлы әдістемелік нұсқаулықтар беріліп, түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Сондай-ақ, адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін қолданылатын алғашқы көмек көрсетудің жолдары түсіндірілді.
ERASMUS DAYS – 2020
2020 жылдың 16 қазанында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде жыл сайынғы дәстүрлі форматта #ErasmusDays2020 Халықаралық күні өтті.
Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері - LMPI, SUSDEV және REILEAP жобалары арасындағы тәжірибемен алмасу, сонымен қатар мүдделі тараптарды ақпараттандыру және Эразмус+ жобасының нәтижелерімен таныстыру болды.
Іс-шара барысында жобалардың қол жеткізген мақсаттары мен нәтижелері презентация мен бейнероликтер түрінде көрсетілді.

«БЕСАСЫҚ» СПОРТ ТҮРІНЕН ОНЛАЙН ЖАРЫС ӨТТІ
Қазан айының 16 күні қала күніне арналған «Асығың алшысынан түссін» атты 1-курс студенттері арасындағы «Шекемтас» асық ойыны түрінен онлайн жарыс өтті.
Жарыс университетіміздегі Спорт клуб басшысы Бекболат Шилібаев пен «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары: бас төреші Жанар Бекбергенова және төрешілер Расылхан Айымкулов, Жақсылық Тоқбергеновтің ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Онлайн жарысқа барлығы 27 студент қатысты. Нәтижесінде, I орынға Диана Жанасбек (ФГСН) ие болса, II орынды Ақбота Сембек (ТФ) өз қанжығасына байлады. Ал, Аяжан Саябай (ТФ) үштікті түйіндеді.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар, белсенділік танытқандар арнайы Мақтау қағаздары және дипломдармен онлайн арқылы марапатталды.
Жарысты ұйымдастырушылар барша жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтап еңбектеріне жеміс, күш-қуат пен зор денсаулық тіледі.
Жанар Бекбергенова, «Дене тәрбиесі»
кафедрасының аға оқытушысы
ЖАТАҚХАНА ЖАСТАРЫ ЖАРЫСҚА ТҮСТІ
Дулати университетінде №1, № 2 жатақханасында тұратын студенттер арасында «дойбы» және «шекемтас» спорт түрлерінен жарыс өтті.
Қазан айының 15-17 күндері, қала күніне арналған «Тараз - менің сүйікті қалам» атты «Дойбы» спорт түрінен және қыздар арасында «Шекемтас» асық ойынынан студенттер сайысқа түсті.
COVID-19 пандемиясын ескере отырып, барлық тәртіп сақталынды.
Жарыс университетіміздегі Спорт клуб басшысы Шилібаев Бекболат Аманжолұлы мен «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары: бас төреші Жанар Бекбергенова және төрешілер Жақсылық Тоқбергенов, Расылхан Айымкулов, Бейбіт Аязбеков, Гульчехра Рожко, Наталья Сиротина және «Дене шынықтырудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті Қалдыбек Умирбаевтың ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Жарыстың ашылу салтанатында Бекболат Аманжолұлы Қала күні мерекесімен құттықтап, студенттерге сәттілік тіледі. Төрешілерді таныстырып, жарыстың әділетті өтеріне сенім білдірді. Жарысқа арнайы келген қонағымыз таеквондодан спорт шеберлері Фатима Сұлтанбекова мен Жадыра Серікбай өнерлерін ортаға салып, жекпе-жек көрінісін тарту етті.
Дойбы спорт түрінен 7 жігіт қатысып: 1 орын – Қазбек Нұрбол (ФМНГД), 2 орын – Дауренұлы Оразалы (СШжЭ), 3 орын – Алферов Владислав (СШжЭ) иеленді. «Шекемтас» асық ойыны түрінен 12 қыз қатысып: 1 орын – Докаева Айнұр (СШжЭ), 2 орын – Гулнепесова Огулшат (СШжЭ), 3 орынды – Мухадова Сахра (СШжЭ) жеңді. Жарыс жеңімпаздарын «Дене шынықтырудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі Жұмахан Нұғманов марапаттады.
Жарыстың екінші күні № 2 жатақханада тұратын студенттер арасында «Дойбы» спорт түрінен 8 жігіт қатысып: 1 орын – Нурадил Мадияр (ГӘҒ), 2 орын – Исмайлов Абдукохар (ФИТАТ), 3 орын – Кұрманалы Талғар (ФГСН) иеленді. «Шекемтас» асық ойыны түрінен 21 қыз қатысып: 1 орын – Бабаева Майя - (ФИТАТ), 2 орын – Алимбаева Шодия (ФГСН), 3 орын – Куанышева Әсел (ТПП) жеңіске жетті.
Жатақханада орналасқан шет мемлекеттің, яғни Қытай, Өзбекстан, Түркменстан азаматтары жарысқа атсалысып, өз елдерінде де осындай спорттық ойындары бар екендігін қызыға айтты.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Ал өзге қатысушыларға жарысқа деген белсенділігі үшін «Мақтау қағаздары» табысталды.

Бекбергенова Жанар, «Дене тәрбиесі»
кафедрасының аға оқытушысы
ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ ХАҚЫНДА ОЙ ҚОЗҒАЛДЫ
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті қабырғасында «М.Х. Дулати және тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында «XI Дулати оқулары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

ZOOM интернет платформасы арқылы ұйымдастырылған шарада Үндістан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздің ғалымдары баяндама жасады. Университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Нұрғалиұлы кіріспе сөзімен конференцияны ашып берді. Өз сөзінде тарихқа шолу жасап, 1997 жылы университетке ғұлама ғалымның аты берілгенін, сол жылы алғашқы конференция өткенін айтты. 1998 жылы бас ғимараттың алдына Мұхаммед Хайдар Дулат бабаның ескерткіші орнатылып, 1999 «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының ашылғанын тілге тиек етті.
Конференция барысында университет басшысы мен «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Әбсаттар Дербісәлінің құрастыруымен жарыққа шыққан «М.Х. Дулати Қазақстан ғалымдарының зерттеулерінде» кітабының тұсауын кесті.
Сәмен Құлбарақ бүгінгі күні Үндістан мен Қазақстан арасында ғұлама ғалым, тарихшы, қолбасшы М.Х. Дулати туралы тарихи деректерді зерттеуде ортақ жұмыстар қолға алынғанын, әрі оны әлі де тереңдетіп, жалғастыру керектігін айтты. Бірігіп атқарған жұмыстарға да тоқталды.
Жиында Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Саттар Мажитов ғалым өмірінің беймәлім тұстары мен артында қалған мұра жайлы сөз қозғады. Мұхаммед Хайдар Дулат бабаның қаза болуы хақында үш түрлі болжам барын, жерленген жері туралы тарихи деректердің де бірнеше нұсқада берілетінін айтты. – Ұлы ғалым туралы біз білетін мәлімет әлі де аз. Біздің қолымызда ғалымның «Тарих-и-Рашиди» және «Жаһаннаме» деген екі ғана еңбегі бар. Бұдан басқа да жазбалары, зерттеулері, хаттары болуы мүмкін. Әлі де Дели, Сринагар, Рампур, Алигархе, Хайдарабаде қалаларының архивтерін ақтарып, зерттеп, зерделей түсу керек,- деді Саттар Фазылұлы.
Келесі баяндамашы Үндістан ғалымы Иесви Аффан Қазақстан мен Үндістан арасындағы «алтын көпірге» айналған ғұламаның зиратын қайта жөндеп, жаңғыртуда Қазақстанның Үндістан еліндегі елшісі Болат Сәрсенбаевтың еңбегі ерен екеніне тоқталды.
«Тарих-и-Рашиди» шығармасының зерттеу методикасы жайында ой қозғаған ф.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Тұран-Иран» ғылыми зерттеу орталығының директоры Ислам Жеменей еңбекті зерттеу барысында текстологияға көп көңіл бөлу керегін жеткізді. – Адамзаттың басты артықшылығы - санасы. Ал сананың қуаттылығы сөз арқылы көрініс табады. Сол себепті бір шығарманы зерттеп, зерделеу үшін алдымен оның сөздік қорына зер салған жөн. Мәселен, «Тарих-и-Рашиди» шығармасында парсы тілімен бірге түркі және араб сөздері молынан кездеседі. Сол себепті аталған үш тілді игерудің деңгейіне қарай шығарманың жан сарайына жақындай түсуге мүмкіндігі туады. Өйткені, әр тілдің сөздік болмысында өзіне тән елдік сыр-сипаты бар. Сол себепті зерттеуге таңдап алған шығарманың тілін білу аздық етеді. Сөздердің ұғымдық ауқымына тереңдеп ену үшін түрлі түсіндірме сөздіктер қажет. Әрбір зерттеуші міндетті түрде сөздердің ұғымдарын ұғыну үшін сөздіктерге сүйеніп жұмыс істеуі керек. Өйткені әр ұлт пен ұлыстың сөздерінің мағнасы сан алуан болып келеді, - деді дулатитанушы ғалым.
Ғылыми конференция қырғыз елінің ғалымы, Жүсіп Баласағұн атындағы ҚҰУ-ның доценті Темірқұл Асановтың баяндамасымен жалғасты.
Ғылыми-тәжірибелік конференция барысында «Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати танымындағы заман сипаты мен адам келбеті» тақырыбында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Жанғара Дәдебаев, Манас атындағы Қырғыз-түрік университетінің доценті Белек Қайрат, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Берекет Кәрібаев, дулатитанушы Мұхтар Қазыбек және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор Асқар Абдуалы ғалымның өмірі мен шығармашылығы, еңбегі турасындағы баяндамаларын оқып, маңызды мәліметтерімен бөлісті.
Екі жылда бір рет өтетін бұл жиынның бұл жолғы реті әдеттегіден өзгеше болды. Карантин талабына сай қашықтан қатысқан ғалымдар интернет арқылы байланысуға мәжбүр болды. Дегенмен, конференцияда қамтылған кейбір баяндамалар «Университет тынысы» газетіне де шығып, электронды нұсқасы таратылып, университет сайтына да орналастырылды.
Ғылыми конференция басында тұсауы кесілген «М.Х. Дулати Қазақстан ғалымдарының зерттеулерінде» кітабы ұлттық, облыстық және жоғары оқу орындарының кітапханаларына таратылатын болады.
Гүлбақыт Берікқызы, Дулати университеті,
медиа-қызмет тілшісі



