Super User

Super User

5 и 6 октября 2020 года со студентами военной кафедры  была проведена ознакомительная  лекция на тему: «О противодействии экстремизму» в дистанционном формате.

Начальник цикла подполковник запаса Наурызбаев Ж.П. довел до студентов  основные требования действующего законодательства Республики Казахстан в сфере противодействия экстремизму.

2020 жылғы 5 және 6 қазанда әскери кафедра студенттерімен «Экстремизмге қарсы іс-әрекет туралы» тақырыбында қашықтықтан таныстыру дәрісі өткізілді.

Цикл бастығы, запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев студенттерге экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізгі талаптарын жеткізді.

Дүйсенбі, 12 Қазан 2020 05:10

BI GROUP ХОЛДИНГІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Акмола облысы, Бурабай емдеу-сауықтыру орталығында  мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған IT-білім берудің  ITeachMe3.0 инклюзивті лагері жеңімпаздарының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды  жан-жақты бейімдеу, білім беру және жұмыспен қамту ерекше рөл атқарады. Білім жеке тұлғаның дамуына ықпал етіп, қиындықтарды жеңуге көмектеседі және қоғамда теңдікті сезінуге мүмкіндік береді, ал жұмыспен қамту қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізеді. ITeachMe жобасы мүгедектердің қаржылық тұрақтылығы мен қоғамға сіңуі үшін кәсіби IT-білім беруге бағытталған. Лагерьге қатысу әрбір адамды алдына мақсат қою және оған жетуге ынталандырады.

Жана идеяларды жүзеге асырушылар, инноваторлар, тәлімгерлер, мүгедектігі бар белсенді жастар жаңа белестерге жету, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу және қоғамға сіңу үшін бірігеді. Осы ITeachMe3.0 жобасы бойынша үш айлық қарқынды дайындықтан өткен  үздік 10 студент финалға шықты.

Марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі  Оспанов Ербол Дүйсебайұлы, сондай-ақ Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық технологияларды дамыту Департаментінің директоры Ахмедиев Дархан Мейрамұлы құттықтап, сөз сөйледі.

Жүлде қорын үздік студенттерге тапсыру құрметі  ITeachMe жобасының амбассадоры Мұқышев Нариманға  жүктелді. Нариман Нұрланұлы  қатарынан төртінші өтіп жатқан жобаға  қатысушыларды құттықтады.

1

IteachMe 3.0 жобасында UI/UX  дизайн курсының жеңімпазы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің  3-курс студенті Олжас Махан болды. Креативті, ойы жылдам Олжасты  ITeachMe жобасының елшісі  Мұқышев Нариман BI Group  компаниясына  тәжірибеден өтуге шақырды.

 

Зәуре  Қойгелдиева

ЕҰУ докторанты

Бейсенбі, 08 Қазан 2020 12:12

ПРИГЛАШАЕМ ПРИНЯТЬ УЧАСТИЕ!

Приглашаем принять участие в работе
Международной научно-практической конференции
«ХI Дулатовские чтения» на тему:
«М. Х. Дулати и независимый Казахстан»

Loading...

Бейсенбі, 08 Қазан 2020 12:04

ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

16.10.2020 сағат 9:30-да өтетін
«М.Х. Дулати және тәуелсіз Қазақстан» тақырыбындағы
«ХI ДУЛАТИ ОҚУЛАРЫ»
Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз!

Loading...

Бейсенбі, 08 Қазан 2020 05:23

СТУДЕНТТЕРГЕ ХАБАРЛАНДЫРУ

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ

әскери кафедрасына түсуге конкурстық іріктеуге қатысатын

студенттерге  

ХАБАРЛАНДЫРУ

Әскери кафедраға түсу үшін студенттерді конкурстық іріктеу 2020 жылғы   12-21 қазан аралығында өткізіледі

Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу 2020 жылдың 12-19 қазан аралығында өткізіледі

Тестілеудің екі түрі ұсынылады:

- Тараз қаласы мен жақын аудандарда тұратын студенттер үшін тестілеу компьютерлік сыныпта;

- шалғай өңірлерде тұратын және келу мүмкіндігі жоқ студенттер үшін онлайн-тестілеу қашықтықтан өткізу форматында өткізіледі.

Онлайн-тестілеуге қатысатын студентке қойылатын талаптар - міндетті түрде веб-камерасы бар компьютердің (ноутбуктің), интернет желісіне шығатын ұялы телефонның болуы

Тестілеу өткізілетін мекен-жай: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 62

Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырмайды.

Студенттердің дене дайындығы «Дене шынықтыру» пәнінің қорытынды бағалары бойынша бағаланатын болады.

Кәсіби-психологиялық тестілеуді өткізу кестесі мен онлайн-тестілеу тәртібі бойынша нұсқаулық университет сайтында және Instagram әлеуметтік желісінде орналастырылады.

Онлайн-тестілеуге қатысу үшін өтінімді университеттің, факультеттің және мамандықтың атауын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.   электрондық поштасына 2020 жылғы 9 қазанға  дейін жіберуі керек.

Кәсіби-психологиялық тестілеуді тапсыруға студент бір рет жіберіледі.

Әскери кафедра басшылығы

Бейсенбі, 08 Қазан 2020 05:21

ОБЪЯВЛЕНИЕ ДЛЯ СТУДЕНТОВ

ОБЪЯВЛЕНИЕ

студентам, участвующим в конкурсном отборе

для поступления на военную кафедру

НАО «Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати»

Конкурсный отбор студентов для поступления на военную кафедру будет проводиться с 12 по 21 октября 2020 года

Профессионально-психологическое тестирование студентов с 12 по 19 октября 2020 года

Предлагается два вида тестирования:

- очное тестирование (в компьютерном классе) для студентов, проживающих в городе Тараз и ближайших районах;

- онлайн-тестирование (в дистанционном формате) для студентов, проживающих в отдаленных регионах и не имеющих возможности прибытия.

Требования для студента, участвующего в онлайн-тестировании – обязательное наличие компьютера (ноутбука) с веб-камерой, сотового телефона с выходом в сеть интернет.

Адрес проведения тестирования: г.Тараз, улица Төле би, 62

Сдачи нормативов по физической подготовке не будет.

Физическая подготовленность студентов будет оцениваться по итоговым оценкам дисциплины «Физическая культура».

График проведения профессионально-психологического тестирования и инструкция по порядку онлайн-тестирования будут размещены на сайте университета и в социальной сети Instagram.

Заявку для участия в онлайн-тестировании необходимо направить на электронную почту Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. до 17.00 часов 9 октября 2020 года с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии), университета, факультета и специальности.

К сдаче профессионально-психологического тестирования студент допускается только один раз.

Руководство военной кафедры

Сәрсенбі, 07 Қазан 2020 11:24

ДВОРЕЦ МОЛОДЕЖИ

medBakit.jpg

Медсестра: Дүйсебаева Бақыткүл

Дворец молодежи, Сатпаева 25а
 
 
 1.jpg   2.jpg  3.jpg  
  
6.jpg   7.jpg
Сәрсенбі, 07 Қазан 2020 09:40

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КАБИНЕТІ №2

ASANOVA AIDA

 

АСАНОВА АИДА КҰРАЛБЕКҚЫЗЫ

Дулати Университетінің №2 медициналық бөлменің медбикесі

Медициналық бөлме Сатпаева көшесі, 28,
Гидрокопмлекс, Жастар Сарайында орналасқан
Байланыс тел.: 8(705) 8302752, 8(707) 1733600

MEDPUNKT 1

 

Сейсенбі, 06 Қазан 2020 10:08

КАСКАД ЖОБАСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН ОҚЫТУ

Дулати университетінің студенттері жаңа жобаға қатысып, білім алуда.

Халықаралық Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерін дамытуға арналған ауылшаруашылық университеттерінің консорциумы (КАСКАД) мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті арасында жасалған Меморандумға сәйкес, ұйымға енген 15 жоғары оқу орындары арасында «Экономика» саласы бойынша онлайн режимде білім алу жобасы іске асты.

Тұңғыш рет жүзеге асқан бұл жоба бойынша университетіміздің 30 студенті  18 апта бойы 15 жоғары оқу орнының білікті ұстаздарынан дәріс алады. Орталық Азия мен Кавказ елдері бойынша 400-ге тарта студент аталмыш жоба аясында оқып жатыр.

Осы апта Дулати университетінің апталығы. КАСКАД жобасы аясында Экономика және бизнес факультетінің оқытушылары «Инновациялық экономика» пәні бойынша дәріс өтуде. Экономика кафедрасының меңгерушісі Марина Кенжебаева, доцент Лейла Жакишева және аға оқытушылар Гүлзат Искакова, Әмина Насибулина, Қарлығаш Шалдарбекова мен Вильнара Әлибекова 5-10 қазан аралығында «Инновациялық экономика» пәні бойынша дәріс өткізіп, апта соңында студенттер білімін бағалайтын болады.

Аталмыш жоба бойынша студенттер цифрлы экономика, жасыл экономика, циркулярлы экономика, экологиялық экономика, аграрлық сектордың экономикасы, аграрлық коорперация, Еуроодақтың агробизнес тәжірибесі, стратегиялық менеджмент, антикризистік менеджмент, аграрлық менеджмент, қаржылық менеджмент, экономика мен менеджменттегі ақпараттық технологиялар, азық-түлік қауіпсіздігінің экономикасы, практикалық маркетинг пәндерін игеретін болады.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Армения мен Қарақалпақ елдерінің ең үздік сала мамандары өткізген дәрісте студенттер білімдерін жетілдіріп, сертификат иеленеді.

Медиа-қызмет

356 бет. Барлығы: 454
Top