КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ БӨЛІМІ

ТАНАЕВ ЖАЙДАРБЕК ТОЛЕПБЕРГЕНУЛЫ

ТАНАЕВ ЖАЙДАРБЕК ТОЛЕПБЕРГЕНУЛЫ

Бөлім бастығы

Байланыс телефоны: 8(777)5631231

E-mail: zht.tanayev@dulaty.kz

Мекен-жайы: Сулейманова 7, кабинет 405

Сұрақ қою
Қызметкерлер
Казахбаева Динара Манатовна
Казахбаева Динара Манатовна

Лауазымы: бас маман

Байланыс телефоны: 8(707)592522

E-mail: dm.kazakhbayeva@dulaty.kz

Қызмет бағыты

Коммерцияландыру департаменті университеттің директорлар кеңесінің 2021 жылғы 25 қарашадағы шешіміне сәйкес құрылған университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Коммерцияландыру бөлімі М.Х.Дулати атындағы Тараз  университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, ғалымдары мен қызметкерлеріне консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету арқылы Дулати университетінің және оның ұйымдарының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерін коммерцияландыру процесін қолдау мақсатында құрылған. Коммерцияландыру бөлімі өз қызметінде мыналарды басшылыққа алады: -Қазақстан Республикасының заңнамасы;

  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құқықтық актілері;
  • «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  • «Коммерцияландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін бағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
  • М.Х.Дулати атындағы Тараз  университетінің жарғысы;
  • Ректордың бұйрығы.

Коммерцияландыру бөлімінің мақсаты: ғалымдардың ғылыми, ғылыми және техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру және іздеу, Дулати университетінің бәсекеге қабілетті коммерциялық перспективалы ғылыми әзірлемелерін нарыққа шығару.

Коммерцияландыру бөлімінің негізгі міндеттері:

  • М.Х.Дулати атындағы Тараз  университетінің ғылыми-инновациялық қызметінің тиімділігін арттыру арқылы ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (ҒҒТҚН) коммерцияландыруды тәжірибеде қолдануға жәрдемдесу;
  • «М.Х. Дулати университетінің инновациялық экожүйесін» құру, М.Х.Дулати атындағы Тараз  университетінің коворкинг орталығын, бизнес-инкубаторын, бизнес акселераторын ашу және оның қызметін қолдау;
  • М.Х.Дулати атындағы Тараз  университетінің ҒҒТҚН ғылыми-зерттеу және оқу бөлімшелерін коммерцияландыру технологияларын іздеу және бағалау; -университетте ҒҒТҚН коммерцияландыру идеясын насихаттау және осы салада ақпараттық іс-шаралар жүргізу;
  • инновациялық жобалар мен стартап-жобалардың деректер базасын құру, олардың коммерцияландыру әлеуетін бағалау және нарыққа жылжыту;
  • жобаларды қаржыландыратын операторлар мен әкімшілердің ағымдағы талаптарына сәйкес коммерцияландыру жобаларын тіркеу, қолдау, мониторингтеу;
  • коммерцияландыру жобаларын іріктеу, қолдау және мониторингтеу, сондай-ақ стартап-компанияларды құрумен байланысты коммерцияландыру жобаларын дайындау және қолдау;
  • нақты ҒҒТҚН объектілері үшін маркетингтік зерттеулер саласында консалтингтік қызметтерді көрсету;
  • технологияларды коммерцияландыру, инвестицияларды тарту, коммерцияландыру үшін ҒҒТҚН іздеу және бағалау саласындағы келісімдер жасау мақсатында бизнес өкілдерін тарту;
  • ҒҒТҚН коммерцияландыру саласындағы ғалымдарға әдістемелік қолдау көрсету;
  • М.Х.Дулати атындағы Тараз  университетінің ҒҒТҚН коммерцияландыру стратегиясын әзірлеу;
  • ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) шарттар жасасу;
  • тәлімгерлік және стартап жобаларды сараптау.

Коммерцияландыру бөлімінің функциялары:

  • ғылыми-техникалық әзірлемелердің өзекті дерекқорын жүргізу;
  • семинарлар, ғылыми-техникалық әзірлемелердің көрмелерін ұйымдастыру;
  • ғылыми-техникалық әзірлемелердің пайдалы әлеуетін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу;
  • ғылыми-техникалық әзірлемелерді іскерлік тестілеу;
  • қаржыландыру көздерін табуға көмектесу;
  • серіктестерді табуға көмектесу;
  • коммерциялық әлеуеті бар ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу;
  • ғылыми-техникалық әзірлемелерді технологиялық трансферттеу және қызметтерді көрсету механизмін әзірлеу;
  • зияткерлік меншік объектілерін есепке алу мен қорғауды бағалауды ұйымдастыру;
  • ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру бойынша маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру.


КБ негізгі мақсаттары
  • коммерцияландыру үшін технологияны іздеу және бағалау;
  • маркетингті зерттеулер;
  • технологияны коммерцияландыру облысында ғалымдарға әдістемелік көмек көрсету;
  • университет ғалымдарына ақпаратты көмек көрсету;
  • ИЖ облысында кеңес беру;
  • технологияны коммерцияландырудағы стратегияны қабылдау;
  • университетте коммерцияландырылған технологияларды жариялау;
  • инновациялық жобалардың дерекқорын жасап, оларды нарыққа жылжыту;
  • инновациялық жобаларды коммерцияландыру үшін нарыққа жылжыту;
  • шаруашылық келісімдер арқылы зерттемелер жасау.
  • университеттің ғылыми-техникалық зерттемелердің өзектілік базасын жүргізу;
  • ғылыми-техникалық зерттемелердің көрмелері мен семинарларын жүргізу;
  • ғылыми-техникалық зерттемелердің пайдасын бағалау;
  • ғылыми-техникалық зерттемелермен бизнес-тест жүргізу;
  • қаржы көзін іздеу;
  • серіктес іздеу;
  • коммерциялық потенциалы бар ғылыми зерттемелердің нәтижелерін өндіріске еңгізу;
  • ғылыми-техникалық зерттемелерді коммерцияландыруда маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру.
Бөлім жаңалықтары
Top