ОНЛАЙН ОҚЫТУ БӨЛІМІ

БЕГЛЕРОВА СВЕТЛАНА ТЕМИРХАНОВНА

БЕГЛЕРОВА СВЕТЛАНА ТЕМИРХАНОВНА

Бөлім бастығы

Байланыс телефоны: 8(7262) 45-36-39

E-mail: st.beglerova@dulaty.kz

Мекен-жайы: Төле би, 60, 2-4.206 каб.

Қызмет бағыты

Бөлім университеттің оқу процесіне онлайн-білім беру технологияларын: цифрлық білім беру ресурстарын, заманауи телекоммуникациялық және ақпараттық мүмкіндіктерді, оның ішінде жаппай ашық онлайн-курстарды пайдалана отырып, компьютерлік техника базасындағы құралдарды тиімді ұйымдастыруға және енгізуге арналған. Оқытуға өндірістік емес шығындарды қысқарту кезінде заманауи мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге байланысты жоғары білімнің негізгі мақсаттарын іске асыруға бағытталған.

Онлайн оқытуға арналған цифрлық білім беру ресурстарының сапалы және интерактивті мазмұнын қамтамасыз ету үшін бөлім қызметкерлері келесі біліктілікті арттыру курстарын өткізеді:

  1. Мұғалімнің заманауи ІТ құзыреттіліктері: білім берудегі цифрлық трансформация және онлайн технологиялар
  2. Онлайн курстардың видео өндірісінің ерекшеліктері..
  3. Жаппай ашық онлайн курстарды әзірлеу.

Сондай-ақ, 2016-2019 жылдар аралығында қашықтық бөлімінің қызметкерлері "Молдова, Қазақстан және Вьетнамның кәсіпорындарындағы компьютерлік жүйелер мен желілерді дамыту, басқару және қорғау бойынша бакалавриат пен кәсіби магистратура бағдарламалын әзірлеу" ERASMUS+ LMPI халықаралық жобасының белсенді қатысушылары болды. Жоба аясында, сондай-ақ "Цифрлық университет" моделінің жол картасы шеңберінде ЖАОК әзірлеу және қолдану бойынша Оқытушыларды оқытуға арналған Ресурстық орталық және оқытушы инновациялық әдіс - неон тақтасын пайдалана отырып түсірілетін видео-дәрістерді де және классикалық видео–дәрістерді де жаза алатын бейнежазба студиясы құрылды.

Top