ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУ СЕКТОРЫ

Сектор меңгерушісі
Байланыс телефоны: 87713995237
Мекен-жайы: Толе би көш, 60, 2.3-204
Қызмет бағыты
- Инновациялық қуаттың өсу принципі негізінде заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып, ашық сабақтар құрылымы мен құрамын жасау;
- Оқыту технологиялары әдістер мен практикалар жиынтығын: жеке бас ерекшеліктерін дамытуға арналған технологиялар, сондай-ақ өзін-өзі дамыту және оқытудың дербес жобалау бағдарламаларын дамыту;
- «ЖОО үздік мультимедиялық өнімі» байқауын ұйымдастыру;
- Үш тілде білім беруді ендіру және жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- ПОҚ ағылшын тілінде сабақ жүргізу бойынша жұмыс жүргізу;
- РОӘС оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмыстары бойынша мәселелерді үйлестіру.
Үш тілде білім берудің мақсаты - көпұлтты және көп мәдениетті кеңістікте белсенді өзін-өзі жүзеге асыруға қабілетті, мемлекеттік, орыс және шетел (ағылшын) тілдерінде еркін сөйлеуге мүмкіндік беретін тілдік ортаны, жалпы адамзаттық құндылықтарды қабылдайтын, көптілді тұлғаны қалыптастыру.
Үш тілде білім берудің міндеттері:
- университетте үштілді білім беруді енгізу үшін құқықтық құжаттарды әзірлеу;
- үштілді білім берудің оқу-әдістемелік базасын жетілдіру;
- үштілді білім беруді енгізу үшін оқу және ұйымдастырушылық жағдай жасау;
- университетте үштілді білім берудің жүзеге асырылуын бақылау, шет елдерде үштілділікті қалыптастырудың озық тәжірибелері мен әдістерін зерттеу;
- сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелге арнайы бөлімдерде оқитын студенттердің жіберілу сұрақтарына көмек беру.
Қызметкерлер
