ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ УНИВЕРСИТЕТІ
«АРНАЙЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ !
«ИНКЛЮЗИВТІ ОРТА: ТЕОРИЯ, ПРАКТИКА ЖӘНЕ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ»
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР ЖӘНЕ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР!
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Арнайы және әлеуметтік педагогика»,
«Педагогикалық психология» кафедраларының ұйымдастыруымен 2025-жылдың 16- сәуірінде «Инклюзивті орта: теория, практика және даму тенденциялары» атты Республикалық конференция өтеді. Конференцияға қатысуға жоғары, кәсіптік, орта, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлері, ғалымдар және білім алушылар шақырылады.
Конференция мақсаты: білім беру ұйымдарында кедергісіз кеңістікті дамыту, инклюзивті мәдениетті арттыру және педагогтардың кәсібилігін жетілдіру жетістіктері мен мәселелерін талқылау; сала мамандарының нәтижеге бағдарланған психологиялық- педагогикалық тәжірибелерімен танысу; жас ғалымдар мен ізденушілер зерттеулерінің қолданбалылығы және тиімділігі жөнінде ғылыми-тәжірибелік сұхбат алаңын ұйымдастыру.
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
- Жоғары, кәсіптік, орта, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру тәжірибелері және мәселелері.
- Білім беру ұйымдарында кедергісіз кеңістікті дамыту міндеттері және инклюзивті мәдениетті арттыру жетістіктері.
- Инклюзивті білім беру аясында мамандар командасының кәсібилігі және бірлескен әрекет нәтижелері.
Конференция аясында «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының жанынан құрылған «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ» орталығының салтанатты ашылуы жоспарланады (Жамбыл даңғылы, 5.1 оқу ғимараты).
Пленарлық отырыстың басталуы сағат 10.00-де. (Тараз,Төле Би, 68, 4.1 оқу ғимараты) Конференция жұмысы қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылады.
ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
Конференцияға қатысуға ниеттенген әріптестер мен жас ғалымдар өтінім толтырып, ұсынылған талаптарға сәйкес рәсімделген мақалаларды 30.03.2025ж. дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына жібереді.
Мақалаға қолжетімді «антиплагиат» бағдарламаларында тексерілген мәтіннің бірегейлігі туралы есеп анықтамасы (50% кем емес) және ұйымдастыру жарнасының (5000 теңге) төленгені туралы түбіртек көшірмесі тіркеледі. Мақала көлемі 4-7 бет; авторлар саны 3-тен аспайды.
МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ
- Редактор: Microsoft Word
- Бет өлшемі: А4, парақ бағыты: «кітап»
- Бет жиектері: 2 х 2 х 3 х 1,5
- Қаріп «Times New Roman», өлшемі 14
- Жоларалық интервал: жалғыз (1,0)
- Абзац шегінісі (азат жол): 1,0 см
- Жоғарғы сол жақ бұрышта ӘОЖ (УДК) қойылады.
- Мақаланың тақырыбы ортада, қалың қаріп және бас әріптермен жазылады.
- Автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі және атағы ортада, курсивпен беріледі.
- Автордың қызмет орны және елді мекен ортада, курсивпен көрсетіледі.
- Аңдатпа (50-100 сөз) және түйінді сөздер (5-7) қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады.
- Мақала мәтіні – 12 қаріп, пішімдеу – ені бойынша
- Графиктер, диаграммалар, суреттер JPEG форматында, 300 DPI көлемінде енгізіледі.
- Әдебиеттер тізімі ГОСТ Р 7.0.5 2008ж. сәйкес, 12-қаріппен рәсімделеді және қолмен нөмірленеді (автоматты түрде емес).
- Мақалада тиісті дереккөздерге жасалған сілтемелер төртбұрышты жақшада рәсімделеді және әдебиеттер тізімінде пайдалану ретімен беріледі.
- Беттер нөмірленбейді.
- Мақала мазмұнына, онда келтірілген деректер мен дәйексөздер және мәліметтердің шынайылығы үшін жауапкершілік авторларда.
- Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған немесе талаптарға сәйкес ресімделмеген мақалалар қаралмайды және кері қайтарылмайды.
- Конференцияматериалдары электронды жинақ ретінде рәсімделеді.
- Файл бірінші автордың тегі және конференция бағыты нөмірімен аталады (Асанова, С).
Мақаланы жариялау үшін тiркеу жарнасы: Банк: АО «Банк Центр Кредит»
ИИК KZ6685622031407539 БИК KCJBKZKX
БИН 240940026321
080000, Тараз қ, Сулейменов көшесі, №7
Байланыс телефондары:
Орал Гүлмира Оралқызы: 8705 255 00 884
Жолдасбекова Зарина Пердебековна: 8707 696 01 99
Конференцияға қатысу өтінімі
Аты-жөні (толық) |
|
Елді мекен |
|
Жұмыс немесе оқу орны (толық) |
|
Қызметі (докторант, магистрант, студент) |
|
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы |
|
Байланыс телефоны және E-mail |
|
Баяндама тақырыбы |
|
Секция атауы |
Мақаланы рәсімдеу үлгісі
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» ФАКУЛЬТЕТІ
«АРНАЙЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ