2020 жылдың 15 ақпан күні М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті әскери кафедрасының «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының студенттері Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс саябағында» өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз – Жеңістің мұрагеріміз»! атты салтанатты іс-шараға қатысты.

Бұл іс-шараның негізгі атрибуты – Кеңес Одағының Батыры генерал-майор И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық мотоатқыштар Режицский, Қызыл ту Ленин орденді, Суворов орденді дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесін 5513 әскери бөліміне тапсыру болды.

 

Эстафетаның мақсаты – Ұлы Отан соғысында Отанын жанқиярлықпен қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсету, есімдерін ел есінде сақтау, майдан даласында елі үшін қаза болған әр солдаттың ерлігіне бас ию; жастардың бойына отансүйгіштік құндылықтарды және Қазақстан халқының батырлық тарихына құрметпен қарау, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, өз әскери борыштарын үлгілі атқаруға ықпал ету.

«Біз – Жеңістің мұрагеріміз»! атты эстафетаны 18 ақпан күні Шымкент қаласында орналасқан 6506 әскери бөлімі жалғастыратын болады.

PHOTO 2020 02 17 08 37 48   PHOTO 2020 02 17 09 28 26

Top