«ҚАЗАҚСТАН – АГРАРЛЫ МЕМЛЕКЕТ»

Алтай мен Атыраудың арасындағы ұланғайыр алқап, Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасына созылған қазақ даласы дүние жүзі картасында жер көлемі жөнінен тоғызыншы орынды иеленеді. Біздің ата-бабаларымыз бағзы заманнан мал шаруашылығымен айналысып келеді. Осынау кең жерімізде егін шаруашылығы да жақсы дамыған. Сондықтан ауыл шаруашылығы біздің халық үшін жат нәрсе емес. Біздің ел тек өзінің ішкі нарығын ғана қамтамасыз етіп қана қоймай шет елдерге экспортқа да жібереді. Мысалға алсақ, 2019 жылы біздің елден 12,5 миллион долларға қой еті экспортталса, 2020 жылы 5,6 миллион долларға, сиыр еті 2019 жылы 23,3 млн долларға, 2020 жылы 31,4 млн долларға ет экспортталды. Ал бидай өндірісі 2019 жылы 3271,8 мың тонна болса, 2020 жылы 3555,3 мың тоннаға дейін жетті. Қазақстан – аграрлы мемлекет деп айтуымызға толық негіз бар. Осыған орай, 2021 жылдың қараша айының 27 жұлдызында «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Мелиорация және агрономия» кафедрасының «Агромелиорация» үйірмесінің жетекшісі оқытушы Қоңыр Сандуғаш Бауыржанқызының ұйымдастыруымен осы салаға қызығушылық танытқан колледж және  мектептердің бітіруші түлектеріне арналған «Қазақстан – аграрлы мемлекет» атты семинары өтті. Семинарда аграрлы сектордың әртүрлі бағыттары қарастырылды. Атап өтетін болсақ, Қазақстан республикасының аграрлық саласының даму мәселелері бойынша, аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары жайында, еліміздегі өсірілетін жылқы түрлері мен оның өнімдерін экспорттау жөнінде, астық тұқымдас дақылдардың республикамызда өсірілуі мен еліміздің нарығын қамтамасыз етуі мен сыртқы нарыққа шығарылуы жайында тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды. Семинарға №49 мектеп-гимназиядан, №1 гимназиядан, №28 орта мектептен оқушылар қатысты. Семинар нәтижесі бойынша №49 мектеп-гимназияның оқушысы Амантөре Аяулым Аділханқызы «І дәрежелі», №28 орта мектептің оқушысы Бердіғали Ұлдана Асылханқызы «ІІ дәрежелі», №1 гимназияның оқушысы Попова София Витальевна «ІІІ дәрежелі» дипломдармен, орын алмаған оқушылар «қатысқаны үшін» дипломдармен, ғылыми жетекшілері «жетекшілік еткені үшін» деген дипломдармен және қосымша сыйлықтармен марапатталды.

Болашақ жастар республикамыздың жер ресурстарын тиімді пайдаланып, аграрлы сектордың барлық бағыттарын дамытып, еліміздің нарығын ауыл шаруашылығы өнімдерімен толықтай қамтамасыз етіп, тіпті №1 экспорттаушы мемлекетке айналамыз деген үміттеміз.

WhatsApp Image 2021 11 29 at 15.28.57

WhatsApp Image 2021 11 29 at 15.28.57 1

WhatsApp Image 2021 11 29 at 15.28.57 2

«Мелиорация және агрономия»  кафедрасының оқытушысы
Қоңыр Сандуғаш

Top