
Super User
Беседа со студентами на тему: «Пьянство и наркомания источники происшествий и преступлений»
С 1 по 8 ноября 2023 года со студентами военной кафедры была проведена беседа на тему: «Пьянство и наркомания источники происшествий и преступлений».
«Маскүнемдік пен нашақорлық оқиғалар мен қылмыстардың көзі» тақырыбында студенттермен әңгіме
2023 жылғы 1 мен 8 қараша аралығында әскери кафедра студенттерімен «Маскүнемдік пен нашақорлық оқиғалар мен қылмыстардың көзі» тақырыбында әңгіме өткізілді.
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
Қабылдау телефоны: 8 (7262) 51-40-13
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16А

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті ректорының 2020 жылғы 2-ші қазаныңда жаңа құрылымына сәйкес «Ұстаз» институты құрылды.
2023 жылдың қазан айында университеттің жаңа құрылымдық өзгерістерге байланысты «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті болып қайта құрылды.
«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің білім беру бағдарламалары:
Бакалавр:
- 6В01101-Педагогика және психология;
- 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандарын даярлау;
- 6В01301-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
- 6В01801-Әлеуметтік педагогтерді даярлау;
- 6В01901-Логопедия;
- 6В01907-Арнайы педагогика ІР;
- 6В01903-Арнайы педагогика-Дефектология;
- 6В01904 –Тәрбиеші.Мектепке дейінгі білім берудегі логопеді;
- 6В01905-Олигофренопедагогика сурдопедагогика негіздерімен;
- 6В03111-Әлеуметтік саладағы психология;
- 6В11115-«Мәдени-тынығу қызметі: театралдық қойылымдарды ұйымдастыру және режиссура»;
- 6В11116-Мәдени-тынығу қызметі: бұқаралық қойылымдарды ұйымдастыру және вокалдық орындаушылық;
- 6В11117 -Мәдени-тынығу қызметі: бос уақытты ұйымдастыру және педагогикасы;
- 6В02101-«Хореография»;
- 6В01402-«Музыка мұғалімдерін даярлау»;
- 6В01403 – Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау;
- 6В01408-«Кәсіптік оқыту».
- 6В01412 – Көркемдік білім беру (IP);
- 6В01420 – Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері (IP).
Магистратура:
- 7М01101-Педагогика және психология;
- 7М01103-Білім беруді басқару психологиясы;
- 7М01105-Білім берудегі менеджмент;
- 7М01801-Әлеуметтік педагогтарді даярлау;
- 7М01804-Әлеуметтік және арнайы педагогика мамандарын даярлау;
- 7М03111-«Әлеуметтік сала мен кәсіби қызмет психологиясы», ғылыми және педагогикалық бағыт;
- 7М01107- Білім берудегі менеджмент және көшбасшылық.
Факультеттің мақсаты педагогикалық білім беруді жаңғырту, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуге. Қазіргі уақытта жаңғырту міндеттерінің бірі – білім алушылардың заманауи мектеп жағдайында зияткерлік мүмкіндіктерінің кең аясын дамытуға қабілетті, зерттеулер, рефлексия мен өз әріптестерімен өзара әрекеттер арқылы өз-өзін жетілдіруге дайын, жоғары академиялық білімдері, кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктері бар мұғалімдерді даярлау жүйесін дамыту болып табылады.
«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің миссиясы - Инновациялық педагогикалық тәжірибе негізінде адами капиталды дайындау және құндылықтары: ашықтық, тазалық, креативтілік.
Өз қызметінде факультет келесі принциптерді басшылыққа алады:
1. Заңдылық және әлеуметтік міндет.
«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті ҚР-ның қазіргі заңнамаларына, университеттің даму Стратегиясына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
2. Өз ісіне берілгендігі мен Академиялық адалдық.
«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті педагогтың жеке адалдығын дамыта отырып педагогикалық кәсібіне берілгендік пен жауапкершілік сезімдерін қалыптастырады.
3. Инновациялық және академиялық еркіндік.
«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті үнемі оқытудың студент орталықтандырылған, тәжірибеге-бағдарланған әдіс-тәсілдерін қолдануға ұмтылады.
4. Ынтымақтастық – өзара әрекеттестік – креативтілік.
«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті ынтымақтастық, өзара әрекеттестік және креативтік қызмет негізінде педагогтар мен білім алушылардың үздіксіз оқытылуы үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайды.
5. Білім беру, ғылым және тәжірибенің кіріктірілуі.
«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер білім беру үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Берілген Принциптерін белсенді түрде насихаттау және оны ұстану «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің қоғамдық санасында Академиялық адалдық аумағы ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің стратегиялық қызмет бағыттары:
- Педагогикалық білім беруді дамыту;
- Академиялық саясат;
- Инновациялық әлеуетті дамыту және оның жетістіктері;
- Әлеуметтік жаңғырту және тәрбие.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультет деканы, қауымдастырылған профессор (доцент)
Ғылыми дәрежесі: ф. ғ. к
Байланыс телефоны: 87028231721
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Жамбыл даңғылы 16А, 5.1.208

Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі деканның орынбасары
Ғылыми дәрежесі: педагогика магистрі
Байланыс телефоны: 877075892523
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Жамбыл даңғылы 16А, 5.1.212

Тәрбие жұмыстары жөніндегі факультет деканының орынбасары
Ғылыми дәрежесі: педагогика магистрі
Байланыс телефоны: 87478388820
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Жамбыл даңғылы 16А, 5.1.212

Ғылыми жұмыстары жөніндегі деканның орынбасары
Ғылыми дәрежесі: педагогика магистрі
Байланыс телефоны: 87476826860
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Жамбыл даңғылы 16А, 5.1.212

Маман
Байланыс телефоны: 87056152776
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Жамбыл даңғылы 16А, 5.1.212
Факультет білім беру бағдарламаларын дайындау үшін барлық оқу процесіне қажетті оқу-материалдарымен қамтамасыз етілген. Факультеттің ғимараттары санитарлық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Оқу аудиториялары, лабораториялық базалар, оқу кабинеттері, жатақхана және басқа да орындар, спорттық кешендер бекітілген нормалар мен тәртәпке сай. Факультетте 5 оқу ғимараты, 1 жатақхана, 15 арнайы аудиториялар бар.
Білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасы жаңарту және жетілдіру мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
Факультетте 2 компьютерлік класс, 2 электронды оқу залы бар. Сондай-ақ 10 заманауи интерактивті проектор және 1 мобильді LED жүйемен жабдықталған.
«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінде ғылыми және салалық академия мүшелері мен байқау лауреаттары болып табылатын профессор-оқытушылар құрамы қызмет етеді. Кешендер институттың үздік бітірушілерімен ұдайы толықтырылып отырады.
«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті тұрақты түрде «Жыл маманы», «Сала көшбасшысы», «ЖОО Үздік оқытушысы», «Үздік педагог», «Ең үздік ғылым кандидаты», «Құрмет грамоталары», «Алғыс хатттармен» және т.б. номинациялар бойынша ұлттық сертификаттарға ие.
Факультет студент бойында тұлғалық, әділдік, кәсіби борышына адалдық және басқа адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетіне құрметпен қарау сынды құндылықтар мен ұстанымдарды дамытуға ұмтылады.

Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы
1978 жылы филология факультетін бітірді.
ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.

Миразова Аягүл Төреқызы
1972 жылы математика факультетін бітірді.
Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназияның директоры

Буданбеков Дамир
Филология факультетін бітірген, атақты спорт шебері.
ҚР бокстан құрама командасының бас жаттықтырушысы, бірнеше шет елдерде спорт шеберлерін дайындаған жаттықтырушы.

Жұмаділов Болат
Әлем біріншіліктерінің жеңімпазы және жүлдегері, екі дүркін олимпиада ойындарының жүлдегері, еңбегі сіңген спорт шебері, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері, ІІМ ішкі әскери капитаны,

Ниязымбетов Болат
Боксшы. 1996 жылы Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері. Көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері.

Шәріпова Феруза
Әйелдер арасында кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы.

Досымжан Таңатаров
Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткер. Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

Кұрмаш Махан
Композитор, әнші

Тахмина Әшімбекова
Әнші, XIII халықаралық “Азия дауысы” фестивалінің лауреаты

Бейбіт Сейдуалиева
Әнші
Факултет ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмысының саясаты жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық-педагогикалық ғылымдары саласында іргелі, ізденіс және қолданбалы жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталған.
Жұмыс берушілермен бірлесіп орындалған ҒЗЖ және СҒЗЖ нәтижелері ЖОО білім беру үрдісіне белсенді түрде енгізілуде. ҒЗЖ және СҒЗЖ өз алаңында белсенді зерттеу және жоба қызметіне дайын талантты жастарды біріктіреді.
Факультетте ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша 5 ғылыми жоба қаржыландырылған. Биылғы оқу жылында институт ғалымдары тарапынан 7 монография басылып шыққан. 432 ғылыми мақала, оның ішінде 280 халықаралық басылымдарда, нөлдік импакт-фактор журналдарында оқытушы-профессорлық құрамның 22 мақаласы жарық көрген.
СҒЗЖ бойынша конференцияларға қатысқан студенттер саны 249, көрмелер мен байқауларға қатысып, жүлделі орын алғандар саны 56, соның ішінде халықаралық 13, республикалық 30, жергілікті 13.
Факультетте 12 ғылыми үйірме жұмыстары жүргізіледі. СҒҮ қызметінің негізгі мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін қарқындату, олардың ғылыми зерттеулерге қатысу жолымен, әр студент үшін өзінің қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке тұлғаның шығармашылық дамуына өз құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Факултетте 14 бакалавриат, 8 магистратура бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламалары мазмұны әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілердің сұраныстарына бағытталған.
Студенттер контингенті 1645 адамды құрайды (грантта оқитындар саны 574 студент). Факультет ПОҚ-ы алдыңғы қатарлы шетел, республикалық ЖОО және орталықтарында жыл сайын біліктілерін жоғарылатады: New Castle университеті (Ұлыбритания), Вильдау қолданбалы ғылымдар университеті (Германия), Ұлы Витаутас университеті (Литва), Senior Expert Service, НЗМ ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және т.б., ғылыми-әдістемелік конференцияларына, семинарларына, тренингтерге белсенді түрде қатысады.
Факультетте дуалды оқытудың элементтері бірқатар білім беру бағдарламасымен іске асырылуда. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» бойынша - «Інжу» балабақшасы мектепке дейінгі білім мекемесінде және №33, №35 орта мектептерінде өтеді. Қазіргі уақытта факультеттің жұмыс берушілерімен тиімді қарым-қатынас жасасуы үшін дуалды оқыту бойынша оқу, ғылыми зерттеулер мен студенттердің кәсіби тәжірибелері өтетін мекемелер мен ұйымдарда кафедралардың 17 филиалы қызмет етеді.
Факультеттің басты міндеттерінің бірі жастардың бойында жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымын, патриоттық сезімі мен жауапкершілігін жоғары жастарды тәрбиелеу іс-шараларының кешенін жүзеге асыру.
Факультеттегі студенттік өзін-өзі басқару құрылымының жұмысы бойынша белсенді студенттерінің бастамасымен «Жас көшбасшылар қауымдастығы» құрылды. Қауымдастықтың мақсаты:
- Жастардың интеллектуалдық, әлеуметтік – мәдени, профессионалдық, саяси – құқықтық, рухани және физикалық құндылығын дамыту.
- Факультет жастарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Жастарды қоғамдық саяси өмірге тарту.
- Қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға ат салысатын жастарды қолдау.
Дулати спортшылары ел қоржынына 3 бірдей алтын салды


Университет Дулати среди лучших университетов Азии
Продвижение казахстанских вузов в мировых рейтингах университетов является одним из приоритетов государственной политики в области высшего образования.
QS Quacquarelli Symonds, глобальный аналитик в области высшего образования и составитель рейтинга QS World University Rankings, 8 ноября 2023 года опубликовал шестнадцатый ежегодный список лучших университетов Азии.
Таразский университет имени М.Х. Дулати принял участие в рейтинге среди вузов Азии и занял 601-650 место, а в рейтинге Центральной Азии – 30 место. Это весомое достижение: в QS Asia ранжируются 857 вузов, в том числе из таких стран, как Япония, Индия, Китай, Сингапур, Южная Корея, Гонконг, Малайзия, Тайвань.
QS Quacquarelli Symonds - ведущий мировой поставщик услуг, аналитики и инсайтов для глобального сектора высшего образования, чья миссия заключается в предоставлении возможности целеустремленным людям в любой точке мира реализовать свой потенциал посредством получения образования, международной мобильности и карьерного роста.
Для составления рейтинга QS Asia University Rankings используются показатели: Академическая репутация; Репутация работодателя; Соотношение преподавателей и студентов; Международная исследовательская сеть; Цитаты на статью и статьи преподавателей; Персонал с докторской степенью; Доля иностранных преподавателей и доля иностранных студентов; Доля прибывающих студентов и доля выездных студентов по академической мобильности. Все эти показатели объективно и в полной мере характеризуют деятельность лучших университетов.
Университет Дулати проводит политику стимулирования выполнения показателей, прямо (публикации) или косвенно (участие в международных проектах повышает академическую репутацию, увеличение индекса Хирша является следствием цитируемости публикаций) влияющих на результаты международных рейтингов.
И теперь мы можем гордиться тем, что наш университет достойно представлен в мировой образовательной среде и уверены, что наши позиции в рейтинге будут только укрепляться!
Дулати университеті Азиядағы үздік университеттердің бірі
Қазақстандық жоғары оқу орындарын әлемдік университетер рейтингінде ілгерілету жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
QS QS Quacquarelli Symonds жаһандық жоғары білім талдаушысы және ASIA University Rankings құрастырушысы ретінде 2023 жылдың 8 қарашасында Азиядағы үздік университеттердің он алтыншы жыл сайынғы аймақтық тізімін жариялады.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Азия университеттері арасындағы рейтингке қатысып, 601-650 орынды, ал Орталық Азия рейтингінде 30-шы орынды иеленді.
Бұл маңызды жетістік: QS ASIA 857 жаһандық университетті, оның ішінде 34 қазақстандық университетті және Жапония, Үндістан, Қытай, Сингапур, Оңтүстік Корея, Гонконг, Малайзия және Тайвань сияқты елдердің рейтингін құрайды.
QS Quacquarelli Symonds миссиясы адамдарға білім, халықаралық академиялық ұтқырлық және мансаптық өсу арқылы өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беру болып табылатын жаһандық жоғары білім секторына қызметтердің, аналитиканың және инсайттардың жетекші жаһандық жеткізушісі болып табылады.
QS Asia University Rankings құрастыруға келесі көрсеткіштер пайдаланылады: Академиялық бедел; Жұмыс берушінің беделі; Факультет пен студенттердің арақатынасы; Халықаралық зерттеу желісі; Мақала бойынша дәйексөздер мен оқытушылардың мақалалары; Докторлық дәрежесі бар қызметкерлер; Шетелдік оқытушылардың үлесі және шетелдік студенттердің үлесі; Академиялық ұтқырлық бойынша келген студенттердің үлесі және кеткен студенттердің үлесі. Бұл көрсеткіштердің барлығы үздік университеттердің қызметін объективті және толық сипаттайды.
Дулати Университеті халықаралық рейтингтердің нәтижелеріне әсер ететін тікелей (жарияланымдар) немесе жанама (халықаралық жобаларға қатысу академиялық беделді арттырады, Хирш-индексінің жоғарылауы жарияланымдарға сілтеме жасаудың салдарын көрсетеді) көрсеткіштерді енгізуді ынталандыру саясатын одан әрі жүргізе беретін болады.
Енді біз, университетіміздің әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты түрде орналасқанымызды мақтан ете аламыз және рейтингтегі позициямыз одан әрі нығая түсетініне сенімдіміз!
ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ
Университет мұражайында Дулати апталығы аясында «М.Х. Дулати тағылымы» тақырыбында ашық куратор сағаты өтті. Филология және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен өткен жиынға студенттер, «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының мамандары мен профессор Сәмен Құлбарақ қатысты.
Алдымен мұражай меңгерушісі Ақсәуле Қалабаева ғұлама ғалым, тарихшы, дипломат, әскери қолбасшы – М.Х. Дулатидің еңбектерімен таныстырды. Профессор Сәмен Құлбарақ жазушының еңбектері – «Тарих и -Рашиди» мен «Жаһан наме» дастанына тоқталды. Мазмұнын, әдеби көркемдігін, тарихи деректерді тілге тиек етіп, кеңінен түсіндіріп берді. Университет Бишимбаев Уәлихан Қозыкеұлының бастамасымен ғалымның атын иеленгенін, бас ғимараттың алдында ескерткіш бой көтерген тарихи сәт туралы қызықты мағлұматпен бөлісті. Сәмен Құлбарақ өз сөзінде Дулатидің әр шығармасының астарында үлкен идея жатқанын студенттерге түсіндірді. Ғалымның еңбектерімен танысып, оқуға кеңес берді.
Студенттер Мұхаммед Хайдар Дулати еңбектерінен үзінді оқыды. Кездесу соңында өзара пікір алмасып, естелік фотоға түсті.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталғаны туралы хабарлайды.
2023 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.
Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының он төрт жастан бастап, отыз бес жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.
Гранттар 5 бағыт бойынша беріледі:
1) «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
2) «Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
3) «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
4) «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
5) «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері ағымдағы жылғы 26 қыркүйектен – 26 қарашаға дейін электрондық нұсқада Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштасы арқылы қабылданады.
Байланыс нөмірі: 8 (7172) 74-12-78.
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім;
2) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
3) жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;
4) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;
5) PDF форматындағы зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);
6) PDF форматындағы жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі болуы тиіс.
Стартовал конкурс на грант «Тәуелсіздік ұрпақтары»
Министерство Культуры и информации Республики Казахстан объявляет о начале конкурса по присуждению гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары», учрежденного Главой государства.
В 2023 году будут присуждены 30 грантов по 3 млн. тенге на каждый грант.
Целью присуждения гранта является государственная поддержка новых
и действующих инициатив молодых людей, направленных на формирование сообщества активной творческой молодежи.
На присуждение гранта претендует гражданин Республики Казахстан
от четырнадцати до тридцати пяти лет на момент окончания приема конкурсных заявок, подавший конкурсную заявку на участие в конкурсе.
Гранты присуждаются на конкурсной основе для реализации новых идей и инициатив гражданам РК по 5-ти направлениям:
«Наука» - для реализации новых научных проектов и исследований
в приоритетных секторах науки;
«Культура» - для реализации проектов, направленных на популяризацию культурного наследия Казахстана, продвижение народных культурных традиций и искусства;
«Информационные технологии» - для реализации и разработки новых IT-решений и проектов, в том числе начинающих стартап-проектов;
«Бизнес» - для реализации новых бизнес-идей в приоритетных секторах экономики;
«Медиа» - для реализации новых медиа-проектов, в том числе проектов по созданию познавательного, полезного, интересного контента для молодежи.
Конкурсные заявки претендентов принимаются с 26 сентября
до 26 ноября текущего года в электронном варианте на электронную почту Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Контактные данные: 8 (7172) 74-12-78.
Конкурсные заявки принимаются на государственном и (или) русском языках и должны содержать:
- конкурсную заявку по форме согласно приложению 1;
- описание проекта по форме согласно приложению 2;
- видео (не более 60 секунд) или презентацию проекта (не более 10 слайдов);
- проект сметы расходов по форме согласно приложению 3;
- сведения об интеллектуальной собственности (PDF формат), (при наличии);
- копию удостоверения личности или свидетельство о рождении (PDF формат).
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!
2024-2025 оқу жылына арналған ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады.
Байқауға 1, 2, 3 курстың барлық білім беру бағдарламаларының студенттері қатыса алады. Өтінімдер деканатта 2023 жылғы 05 маусымнан кешіктірілмей қабылданады.
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін студенттер ұсынатын құжаттар тізімі:
1) белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
3) ұсыныс хат;
4) куратордың атынан мінездеме;
5) алғыс хат, диплом сертификат (көшірмесі);
6) фото 3*4 – 4 дана;
7) жеке оқу жоспары;
8) ағымдағы транскрипт;
9) резюме.